Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394
қаулысына баспасөз релизі

      Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген.
      Осы Қағида Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту ережесін және оны түзету ережесін анықтайды.
      Сонымен бірге көрсетілген қаулы қолданысқа енгізілуіне байланысты Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобалар қарау және бекіту жөніндегі нұсқаулығы, Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыру ережесі мен оларға енгізілген өзгерістер Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы № 142 - НҚ бұйрығымен күші жойылды деп танылды.

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз