"Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ("Шымкент – Ташкент" жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 416 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы

      2012 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ арасындағы 2012 жылғы 12 желтоқсандағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

«Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау

КІРІСПЕ

I БАП – СТАНДАРТТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

1.01-бөлім. Стандартты ережелер мен шарттарды енгізу

1.02-бөлім. Анықтамалар

1.03-бөлім. Түсіндіру

II БАП – ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

2.01-бөлім. Сома және валюта

2.02-бөлім. Қарыздың басқа да қаржылық шарттары

2.03-бөлім. Қаражатты алу

III БАП – ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ

3.01-бөлім. Бекітілген басқа да жобалық міндеттемелер

3.02-бөлім. Жобаны іске асыру тобы

3.03-бөлім. Сатып алу

3.04-бөлім. Экологиялық және әлеуметтік сәйкестік талаптары

3.05-бөлім. Консультанттар

3.06-бөлім. Есептiлiктi ұсыну кезеңділігі және оған қойылатын талаптар

IV БАП – ТОҚТАТА ТҰРУ; ЖЕДЕЛДЕТУ

4.01-бөлім. Тоқтата тұру

4.02-бөлім. Өтеу мерзімін қысқарту

V БАП – КҮШІНЕ ЕНУІ

5.01-бөлім. Күшіне енуі алдындағы шарттар

5.02-бөлім. Заңдық қорытындылар

5.03-бөлім. Келiсiмнiң күшіне енбеуінен оның қолданылуын тоқтату

VI - ӘРТҮРЛІ

6.01-бөлім. Хабарламалар

1-ҚОСЫМША – ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2-ҚОСЫМША – ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫНЫҢ САНАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ АЛУ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (қарыз алушы) мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (банк) арасындағы 2012 жылғы 12 желтоқсандағы КЕЛІСІМ

КІРІСПЕ

      Банк көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың және оларды өмірге енгізудің қағидаларын ұстанған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға жәрдемдесетін нақты жобаларды қаржыландыруды ұсыну үшін ҚҰРЫЛҒАНДЫҚТАН;
      қарыз алушының 1-қосымшада сипатталғандай Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пункт пен «Шымкент – Ташкент» жолының 742 км бекеті арасындағы ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялауда қарыз алушыға көмек көрсетуге арналған жобаны (жоба) іске асыруға НИЕТІ БОЛҒАНДЫҚТАН;
      қарыз алушы банкке жобаның бір бөлігін қаржыландыруға жәрдем көрсету туралы өтініш ЖАСАҒАНДЫҚТАН;
      Банк қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерін бағалауды іске асыруға қарыз алушыға жәрдем көрсету үшін өтеусіз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын ұсынуға КЕЛІСКЕНДІКТЕН;
      қарыз алушы «Шымкент – Ташкент» жолының 742 км және 705 км бекеті арасында ұзындығы 36,7 км жол учаскесін қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Азия Даму Банкінің қарызын тартуға НИЕТ БІЛДІРГЕНДІКТЕН;
      қарыз алушы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жобаны іске асыруға қаржылық және басқа да жәрдем көрсетуге КЕЛІСКЕНДІКТЕН;
      Банк, басқаларының ішінен, жоғарыда жазылғандардың негiзiнде қарыз алушыға осы Келiсiмде жазылған немесе айтылған ережелерге және шарттарға сәйкес жүз қырық екі миллион АҚШ доллары (142,000,000 АҚШ доллары) мөлшерiнде қарыз беруге КЕЛІСІМ БЕРГЕНДІКТЕН; және
      қарыз алушы жоғарыда жазылғандарға қосымша 2009 жылғы 30 наурыздағы банк пен қарыз алушы арасындағы («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі) «Оңтүстік – Батыс» дәлізі жолының жобасына қатысты Қарыз туралы келісім (қолданыстағы Қарыз туралы келісім) шеңберінде үнемделген қарыз қаражатын қолданыстағы Қарыз туралы келісімге қосымша Келісімде белгіленетін шарттар мен ережелерге сәйкес қайта бөлу жолымен елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000 АҚШ доллары) мөлшерінде жоба үшін қосымша қаржыландыруды ұсыну өтінішімен ЖҮГІНГЕНДІКТЕН,
      ОСЫЛАЙША, тараптар мыналар туралы уағдаласты:

I БАП – СТАНДАРТТЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР;
АЙҚЫНДАМАЛАР

1.01-бөлім. Стандартты ережелер мен шарттарды енгізу

      Банктiң 2007 жылғы 1 қазандағы барлық стандартты ережелері мен шарттарының барлық баптары осы арқылы Келiсiмге енгізіледі және оған қолданылады және олар осы құжатта толығымен жазылғандағыдай күшi және қолданысы болады (бұдан әрi мұндай баптар cтандартты ережелер мен шарттар деп аталады).

1.02-бөлім. Анықтамалар

      Кiрiспеде айқындалған және осы Келiсiмнiң кез келген бөлiгiнде (кiрiспе мен қосымшаларды қоса алғанда) пайдаланылатын терминдердің егер олардың өзгеше түсiндіру жеке айтылмаса немесе түпмәтiн бойынша талап етiлмесе, тиiсiнше сонда берiлген мағынасы болады, стандартты ережелер мен шарттарда айқындалған терминдердiң тиiсiнше сонда берiлген мағынасы болады, ал төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай мәнi болады:

«Қарыз алушының уәкілетті өкілі» –

Қарыз алушының Қаржы министрін білдіреді.

«Жобаларды іске асыруға дейін – көзделген талаптар»

жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарды және Банктің Директорлар кеңесі 2008 жылғы 12 мамырда мақұлдаған және 2008 жылғы 12 қарашадан бастап қолданыстағы банктің экологиялық және әлеуметтік саясатына байланысты 1-8 және 10 (немесе түпмәтіннің талаптарына қарай жобаларды іске асыруға қойылатын осындай талаптардың кез келгені) жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарды білдіреді.

«Экологиялық және әлеуметтік – іс-шаралар жоспары»

Банктің экология жөніндегі консультанты, қазақстандық «CaspiEcology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайындаған және атқарушы агенттік мақұлдаған 2012 жылғы 12 желтоқсандағы экологиялық және әлеуметтік басқару және жетілдіру жоспарын білдіреді, бұл ретте мұндай жоспар банктiң алдын ала жазбаша келісімімен ара-тұра өзгеруi мүмкiн.

«Экология және қоғамдық – мүдделерді қорғау саласындағы заңнама»

Мыналарға:
(a) ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қатысуға ашық қол жеткізуге қатысты сабақтас заңдарды немесе қағидаларды қоса алғанда, қоршаған ортаның ластануына немесе оны қорғауға;
(b) еңбек жағдайларына және жұмыспен қамтуға;
(c) еңбек гигиенасына және қауіпсіздікке;
(d) қоғамның денсаулығына, қауіпсіздігіне және қорғалуына;
(e) жергілікті тұрғындарға;
(f) мәдени мұраға; немесе
(g) адамдардың қоныс аударуына немесе экономикалық оңтайлы орын ауыстыруына қатысты қолданылатын кез келген ұлттық құқықты немесе қағиданы білдіреді.

«Экологиялық және әлеуметтік – мәселелер»

кез келген экологиялық және әлеуметтік заңның, жобаларды іске асыруға дейін көзделген кез келген талаптардың, экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарының немесе қоныс аудару жоспарының ықпалына ұшырайтын кез келген мәселені білдіреді.

«Қаржы жылы» –

қарыз алушының әр жылдың 1 қаңтарынан басталатын қаржы жылын бiлдiредi.

«Атқарушы агенттік» –
 
 
 
 
 
«Қоныс аудару жоспары» –

Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін және Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетін білдіреді.

Банктің экология жөніндегі консультанты, қазақстандық «CaspiEcology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаларды іске асыруға дейін көзделген 5-талапқа сәйкес дайындаған және атқарушы агенттік мақұлдаған 2012 жылғы 12 желтоқсандағы жоба бойынша қоныс аудару жоспарын білдіреді, бұл ретте мұндай жоспар банктің алдын ала жазбаша келісімімен ара-тұра өзгеруi мүмкiн.

1.03-бөлім. Түсіндіру

      Осы Келiсiмде белгілі бір бапқа, бөлiмге немесе қосымшаға сiлтеме, осы Келiсiмде көрсетiлген жекелеген жағдайларды қоспағанда, осы белгілі бір бапқа немесе бөлiмге немесе осы Келісімге қосымшаға сiлтеме ретiнде түсiндiрiледi.

II БАП – ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

2.01-бөлім. Сома және валюта

      Банк қарыз алушыға осы Келiсiмде жазылған немесе ескерiлген ережелер мен шарттарға сәйкес бір жүз қырық екі миллион АҚШ доллары ($142,000,000) мөлшерiнде қарыз беруге келiседi.

2.02-бөлім. Қарыздың басқа да қаржылық шарттары

(a) Қаражатты алудың ең аз сомасы екi жүз мың АҚШ долларын ($200,000) құрайды.
(b) Мерзiмiнен бұрын өтеудiң ең аз сомасы он миллион АҚШ долларын ($10,000,000) құрайды.
(c) Ең аз жойылатын сома бес миллион АҚШ долларын ($5,000,000) құрайды.
(d) Әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі пайыздарды төлеу күндерi болады.
(e) (1) Қарыз алушы қарызды теңдей (немесе қаншалықты мүмкін болса, соншалықты бірдей) 28 жартыжылдық төлемдермен әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесінде өтейді, бұл ретте 2017 жылдың 15 қаңтары қарызды өтеудiң бiрiншi күнi және 2030 жылдың 15 шілдесі қарызды өтеудiң соңғы күнi болады.
(2) Жоғарыда жазылғанға қарамастан, егер (i) қарыз алушы қарыздың толық сомасын осы 2.02 (е) (1) бөлімде көрсетiлген қарызды өтеудiң бiрiншi күнi басталғанға дейiн игермесе және (іі) банк төмендегі 2.02 (f) бөлiмде көрсетiлген қарызды пайдаланудың соңғы күнiн қарызды өтеудiң осындай бiрiншi күнi басталғаннан кейiнгi күнге дейiн ұзартқан жағдайда, қарызды өтеудiң бiрiншi күнi немесе одан кейiн жасалған әрбiр алу сомасы қарызды өтеудiң бiрнеше күнi iшiнде тең үлеспен өтеу үшiн бөлiнетiн болады, олар осындай алу күнiнен кейiн басталады (бұл ретте банк осындай бөлінген сомаларды әрбір жағдайда тұтас сан болатындай түрде қажетіне қарай түзетеді). Банк қарыз алушыны мұндай бөлулер туралы ара-тұра хабардар етіп отырады.
(f) 2018 жылдың 10 қаңтары немесе банк өз қалауынша белгiлей алатын және ол туралы қарыз алушыны хабардар ететiн неғұрлым кейінірек күн қарызды пайдаланудың соңғы күнi болады.
(g) Мiндеттеме үшiн комиссия мөлшерлемесі жылдық 5 %-ды құрайды.
(h) Қарыз құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге негізделеді.

2.03-бөлім. Қаражатты алу

(a) Қолжетімді сома жоба үшiн талап етiлетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ақылға қонымды құнына қатысты жүргiзiлген (немесе банктiң келiсуiмен жүргiзілетін) шығындарды жабу үшін ара-тұра 2-қосымшаның ережелерiне сәйкес игерілуі мүмкін.
(b) Стандартты ережелер мен шарттардың 3.05 (с) бөлiмiнiң ережелеріне қарамастан, қарыз алушы бiржолғы комиссияны қолжетімді сома қаражатынан емес, меншікті ресурстары есебiнен төлеуді жөн көреді. Қарыз алушының біржолғы комиссияны төлеуi стандартты ережелер мен шарттардың 3.05 (d) бөлiмiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.

III БАП – ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ

3.01-бөлім. Бекітілген басқа да жобалық міндеттемелер

      Егер банк өзгеше келiспесе, стандартты ережелер мен шарттардың IV бабында жазылған жалпы мiндеттемелерге қосымша:
      (a) Қарыз алушы:
      1. жобаны аяқтауға жеткiлiктi қаражатты қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қолданады;
      2. жобаның мақсаттарына қол жеткiзу және осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн қажеттi немесе тиістi барлық шараларды қолданады немесе қолдануын қамтамасыз етедi;
      3. өзiнiң жобаға байланысты жасасқан барлық келiсiмшарттар бойынша туындайтын барлық мiндеттемелерiн орындайды.
      (b) егер банкпен өзгеше келісілмесе, қарыз алушы:
      (1) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей, үздік өнеркәсіптік практикаға сәйкес автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді шолуды аяқтауын;
      (2) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған тиісті нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді қабылдауын;
      (3) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей атқарушы агенттіктің әлеуетін егжей-тегжейлі бағалауды аяқтауын және тәуелсіз жол агенттігінің (республикалық автомобиль жолдары желісін басқару үшін құрылатын мамандандырылған жол ұйымы) жұмыс істеуіне қатысты егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірлеуін, мұндай ұсыныстарды іске асыру үшін іс-қимылдар жоспарын және қолданыстағы заңнамаға түзетулердің тиісті жобасын дайындауын;
      (4) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылып отырған реформаларды іске асыруға мүмкіндік беретін заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын қамтитын тәуелсіз жол агенттігін құруға қатысты іс-қимыл жоспарын қарыз алушы Үкіметінің қарауына ұсынуын;
      (5) атқарушы агенттіктің 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей атқарушы агенттіктің сатып алу функцияларының әлеуетін бағалауды аяқтауын және 1-қосымшада айқындалғандай және атқарушы агенттікпен келісілгендей, жобаның С бөлігінің шеңберінде үздік практикаға сәйкес ұсынымдар әзірлеуін;
      (6) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарды қолдануын және қолданылатын заңнамаға сәйкес атқарушы агенттіктің сатып алу саласындағы функцияларын жетілдіруді аяқтауын;
      7) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей жол агенттігі құрылған жағдайда жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарға сәйкес жол агенттігінің сатып алу саласындағы тиісті функцияларды іске асыруын;
      (8) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей жеке сектордың дайындығын және мемлекеттік сектордың нәтижелілікке негізделген техникалық күтіп-ұстау жөніндегі келісімшарттарға арналған тендерді өткізу мүмкіндігін бағалайтын зерттеуді аяқтауын;
      (9) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей регламенттік техникалық күтіп-ұстауға арналған көпжылдық келісімшарт үшін тендерлік құжаттама дайындауын және осындай тендерді жариялауын;
      (10) атқарушы агенттіктің 2013 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей қарыз алушы Үкіметінің қарауына концессиялар туралы заңнамаға жобаларды МЖӘ үлгісі бойынша іске асыруды қамтамасыз ету үшін тараптарға қолайлы түзетулердің тиісті жобасын ұсынуын;
      (11) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей қарыз алушының қолданылатын заңнамасына сәйкес пилоттық концессиялық жоба үшін барлық қажетті тендерлік құжаттарды дайындауын және банкпен келісілген кестеге сәйкес көрсетілген тендерді жариялауын; және
      (12) қарыз қаражаты есебінен реконструкцияланатын автожол учаскесінің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін және қарызды соңғы төлеуге дейін жобаның өміршең циклі ішінде 1b санаттағы деп жіктелуін қамтамасыз етеді.

3.02-бөлім. Жобаны іске асыру тобы

      Жоба бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық қырларын үйлестiру, басқару, мониторингiлеу және бағалау мақсатында қарыз алушы атқарушы агенттiк арқылы, егер банкпен өзгеше келісілмесе, жобаны iске асырудың бүкiл кезеңi ішінде жобаны iске асыру бойынша бара-бар ресурстары мен атқарушы агенттіктің жеткiлiктi бiлiктi персоналы бар тобының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

3.03-бөлім. Сатып алу

      Стандартты ережелер мен шарттардың 4.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн, егер банк өзгеше келiспесе, жоба үшiн талап етілетін және қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылуға жататын тауарлар, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуды мынадай ережелер реттейдi:
      (а) тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер (3.03 (с) бөлiмiне енгiзiлген консультанттардың қызметтерiн қоспағанда) ашық сауда-саттық арқылы сатып алынады;
      (b) (3.03 (а) бөлiмiнiң мақсаттары үшiн ашық сауда-саттықты жүргiзу рәсiмдерi ЕҚДБ-ның сатып алу қағидаларының 3-тарауында жазылған;
      (c) жобаны iске асыруға жәрдем көрсету үшiн қарыз алушы тартатын консультанттар ЕҚДБ сатып алу қағидаларының 5-тарауында жазылған рәсiмдерге сәйкес іріктеледі;
      (d) барлық келiсiмшарттар ЕҚДБ сатып алу қағидаларында жазылған қарау рәсiмдерiне жатады.

3.04-бөлім. Экологиялық және әлеуметтiк сәйкестiк шарттары

      Қарыз алушы стандартты ережелер мен шарттардың 4.02 (а), 4.04 (а) (iii) және 5.02 (с) (iii) бөлiмдерiнiң жалпыға бірдей қолданылатын сипатына нұқсан келтiрместен, егер банк өзгеше келіспесе, мыналарға:
(a) қарыз алушы экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жобаны іске асыруға дейін көзделген талаптарға сәйкес жобаны орындайды және кез келген мердігердің орындауын қамтамасыз етуге;
(b) қарыз алушы жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылатын сипатына нұқсан келтірместен, экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын мұқият іске асыру мен сақтауға және бақылауды қамтамасыз етуге жататын және осындай жоспарларда қамтылатын ережелерге сәйкес осындай жоспарлардың іске асырылуын бақылауға міндеттенеді;
(c) қарыз алушы мен банк жобаның немесе қарыз алушының қалыптасқан жағдайындағы өзгерістерге, күтпеген оқиғаларға және бақылау нәтижелеріне жауап ретінде экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарына және қоныс аудару жоспарына ара-тұра түзетулер енгізуге келісуі мүмкін. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылатын сипатына нұқсан келтірместен,
      (1) егер қандай да бір қолайсыз экологиялық немесе әлеуметтік әсер немесе күтілмеген немесе экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында не толығымен не оның маңыздылық дәрежесіне дейін көзделген мәселе болса,
      (2) егер экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында жазылған әсерді азайту бойынша қандай да бір шара кез келген экологиялық немесе әлеуметтік әсерді жою немесе экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында жазылған уақыт кезеңі ішінде жобаны іске асыруға дейін көзделген тиісті талаптармен болжанатын деңгейге дейін азайту үшін жеткіліксіз болса, немесе
      (3) егер экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын немесе қандай да бір экологиялық және әлеуметтік заңды қандай да бір елеулі түрде сақтамауды қандай да бір бақылаушы органның инспекциясы немесе билік органы немесе 3.04 (d) бөліміне сәйкес жүргізілетін аудит белгілесе,
      Қарыз алушы ақылға қонымды қысқа мерзімде және банктің келісуіне қарай осындай қосымша немесе жеңілдету жағына қарай қайта қаралған жобаны іске асыруға дейін көзделген талаптардың және әрбір жағдайда банк үшін қанағаттанарлық шамада экология және қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қолданылатын заңнаманың орындалуына қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін іс-шараларды әзірлейді және оларды экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарына және қоныс аудару жоспарына енгізеді.

3.05-бөлім. Консультанттар

      (a) Жобаны iске асыруға жәрдем көрсету үшiн қарыз алушы, егер банк өзгеше ескертпесе, қажет болған кезде бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi, сондай-ақ техникалық тапсырмасы банк үшiн қанағаттанарлық болып табылатын консультанттарды тартады немесе тартуды және пайдалануды қамтамасыз етедi.
      (b) Қарыз алушы жобаға немесе қарыз алушының жұмысына қатысы бар іс-шараларға жәрдемдесу үшiн тартылған кез келген консультанттарды, олардың функцияларын іске асыру үшiн қажеттi қолда бар барлық жағдайлармен және қолдаумен, сол сияқты барлық құжаттармен, материалдармен және олардың жұмысына қатысы болуы мүмкiн басқа да мәліметтермен атқарушы агенттік арқылы тегiн қамтамасыз етедi.

3.06-бөлiм. Есептiлiктi ұсыну кезеңділігі және оған қойылатын талаптар

      (а) Қарыз сомасы күшіне енген күннен бастап және ол толық өтелгенге немесе жойылғанға дейiн қарыз алушы атқарушы агенттік арқылы банкке есептi жыл аяқталғаннан кейiн 90 күн iшiнде қарыз алушыға немесе жобаға қатысты туындайтын экологиялық және әлеуметтiк мәселелер бойынша жыл сайынғы есептерді ұсынады. Мұндай есептер мынадай нақты мәселелер туралы ақпаратты:
      (1) қарыз алушының 3.04 (a) бөлімде сипатталғандай, жобаны іске асыруға дейін көзделген талаптарды сақтауы және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын іске асыруы туралы ақпаратты;
      (2) қарыз алушының жобаны іске асыруға дейін көзделген талаптарды және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын жобамен айналысатын кез келген мердігерлердің сақтағанын қалай бақылағаны туралы ақпаратты және осындай мердігерлердің жобаны іске асыруға дейін көзделген талаптарды және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын кез келген елеулі сақтамаушылығының және осындай сақтамаушылықты түзеу үшін қолданылған кез келген шараларының мәліметін;
      (3) кез келген алынған шағымдардың мәліметін және мұндай шағымдардың қалай шешілгенін қоса алғанда, 10-жобаны іске асыруға дейін көзделген шарттарда талап етілетін мүдделі тараптарды тарту жоспарының орындалуы туралы ақпаратты;
      (4) жоба үшін қажетті кез келген рұқсаттардың мәртебесін қоса алғанда, қарыз алушының жобаға қатысты экологиялық және әлеуметтік заңдарды сақтауы туралы ақпаратты, қандай да бір реттеуші органдар жүргізген кез келген инспекциялардың нәтижелерін, қолданылатын заңдарды, қағидаларды немесе нормаларды кез келген бұзушылықтар және жою жөніндегі оларға байланысты кез келген іс-шаралар немесе кез келген осындай бұзушылықтар үшін салынған кез келген айыппұлдар және қарыз алушы кез келген реттеуші органдарға жобаға қатысты берген экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген маңызды хабарламалардың, есептердің және басқа хабарлаулардың мәліметін;
      (5) жазатайым оқиғалардың, еңбекке уақытша жарамсыздыққа әкеп соққан жазатайым оқиғалар мен тосын оқиғалардың санын қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі менеджмент және жоба бойынша денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасының жай-күйі туралы ақпаратты, қарыз алушы қолданған немесе жоспарлап отырған кез келген профилактикалық немесе жеңілдету шаралары, кадрларды еңбек пен денсаулықты қорғау бойынша кез келген даярлау және қарыз алушы іске асырған немесе жоспарлайтын денсаулықты сақтау және қауіпсіздік бойынша менеджмент мәселелері жөніндегі кез келген басқа да бастамаларды;
      (6) жобаға елеулі әсер етуі мүмкін экологиялық және әлеуметтік заңдардағы кез келген өзгерістердің мәліметін; және
      (7) қарыз алушы өз акционерлеріне немесе жұртшылыққа кезең сайын ұсынатын экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген ақпараттың көшірмесін қамтиды.
      (b) Қарыз алушы жоба күшіне енген күннен бастап атқарушы агенттік арқылы стандартты ережелер мен шарттардың 4.04 (а) (iv) бөлiмiнде көрсетiлген жобаның орындалуы туралы кезеңдік есептердi тоқсандық негiзде, есептi кезең аяқталғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей, жоба аяқталғанша ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты деректердi қамтуға тиіс:
      (1) Мынадай жалпы ақпарат:
      (А) есеп жасалған күні және есептi кезең iшiнде жобаны iске асыру кезiнде қол жеткiзiлген физикалық прогресс;
      (B) жобаны iске асырудағы нақты немесе күтiлетiн қиындықтар немесе кідірістер және олардың iске асыру кестесiне әсерi, сондай-ақ қиындықтарды еңсеру және кідірістердi болдырмау үшiн қолданылған немесе жоспарланған нақты шаралар;
      (C) жоба аяқталатын күнi күтiлетiн өзгерiстер;
      (D) жобаны iске асыру тобы персоналының, консультанттардың немесе мердiгерлердiң негiзгi құрамын өзгерту;
      (E) жобаның құнына әсер етуi мүмкiн мәселелер; және
      (F) жобаның қандай да бiр бөлiгiнiң экономикалық жүзеге асырылуына әсер етуі ықтимал кез келген оқиға немесе қызмет.
      (2) Жобаның iске асырылу кестесi негiзiнде және нақты әрі жоспарланатын шығындар кестесін қоса алғанда, жобаның әрбiр бөлiгi бойынша қол жеткiзiлген прогрестi көрсете отырып, жобаның iске асырылу барысының гистограммасы.
      (3) Жобаның әрбір бөлiгi шеңберiнде келтірілген шығындар мен қарыз қаражатын алу егжей-тегжейлі көрсетілген, мыналарды:
      (А) бастапқы сметалық құнды;
      (B) мұндайлар болған кезде, өзгерiстердің себептерімен қоса қайта қаралған сметалық құнды;
      (C) бастапқы болжамды шығыстарды және осы күнге іс жүзіндегі шығыстарды;
      (D) осы күнге шығыстардың бастапқы сметасынан осы күнге нақты шығыстардың ауытқу себептерiн; және
      (E) жылдың қалған тоқсандарына болжамды шығыстарды көрсететін есеппен қоса қаржылық есептілік.
      (4) осы Келiсiмде қамтылған шарттардың әрқайсысының орындалу мәртебесiнiң қысқаша сипаттамасы.
      (с) Қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауiпсiздiкке елеулi жағымсыз әсер етуi ықтимал жобаға байланысты кез келген тосын оқиға немесе жазатайым оқиға туындаған кезде қарыз алушы бұл туралы банктi мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиғаның және оларды жою үшiн қарыз алушы немесе атқарушы агенттiк қолданған кез келген қадамның сипатын көрсете отырып, факсимильдiк хабарламамен немесе телекспен дереу хабардар етедi. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылу сипатына нұқсан келтірместен,
      (1) тосын оқиға немесе жазатайым оқиға, егер ол жоба үшін пайдаланылатын қандай да бір учаскеде орын алса немесе егер ол жоба үшін немесе оған қатысты қолданылатын өндірістік ғимараттарда, жабдықтарда, көлік құралдарында немесе кемелерде орын алса (олар жобаның қандай да бір аумағында пайдаланылуына қарамастан және оларды уәкілетті немесе бөгде адамдардың пайдалануына қарамастан) жобаға жатқызылады;
      (2) тосын оқиға немесе жазатайым оқиға егер:
      (A) кез келген қолданылатын заң мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға туралы кез келген мемлекеттік органға хабарлауды талап етсе,
      (B) мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға кез келген адамның өлiмiне әкеп соқтырса (бұл адамды қарыз алушының жалдағанына не, жалдағанына қарамастан),
      (C) бірнеше адам (бұл адамдарды қарыз алушының жалдағанына не, жалдағанына қарамастан) ауруханаға жатқызуды талап ететін ауыр жарақаттар алса, немесе
      (D) мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолмен белгiлi болса немесе белгілі болатындығы ықтимал болса, қоршаған ортаға, жұртшылыққа, еңбек гигиенасына немесе қауіпсіздік техникасына елеулі теріс әсері бар деп есептеледі.
      (d) Қарыз алушыға немесе жобаға қарсы бағытталған немесе оған қатысты және ол қарыз алушыға немесе жобаға елеулі кері әсер тигізуі мүмкін немесе жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолмен белгілі болған немесе белгілі болуы ықтимал жұмысшылардың немесе жұртшылық мүшелерінің кез келген елеулі наразылығына қатысты қарыз алушы банкті дереу хабардар етеді. Қарыз алушы кез келген осындай хабарламадан кейін он күн ішінде қарыз алушының осындай наразылықты тексеру нәтижесін және наразылықта көтерілген мәселелерді шешу үшін қарыз алушы қабылдаған немесе қабылдау ұсынылатын кез келген қадамдарды айқындайтын банк үшін қанағаттанарлық есепті ұсынады.

IV БАП – ТОҚТАТА ТҰРУ; ЖЕДЕЛДЕТУ

4.01-бөлім. Тоқтата тұру

      Стандартты ережелер мен шарттардың 7.01 (а) (хvii) бөлiмiнiң мақсаттары үшiн төмендегідей:
(a) қарыз алушының аумағында автожол саласында қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық база қарыз алушының қаржылық жағдайына немесе жобаны іске асыру жөніндегі оның мүмкiндiгiне немесе осы Келiсiм шеңберінде оның кез келген мiндеттемелерiн орындауға елеулі және теріс әсер ететіндей өзгертілгені, тоқтатыла тұрғаны, қысқартылғаны, жойылғаны немесе қабылданбағаны келісіледі.

4.02-бөлім. Өтеу мерзiмiн қысқарту

      Стандартты ережелер мен шарттардың 7.06 (f) бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мыналар: 4.01-бөлiмде сипатталған кез келген оқиғалардың басталғаны және қарыз алушыға банк хабарлама бергеннен кейін отыз күн бойы жалғасатыны келісіледі.

V БАП – КҮШІНЕ ЕНУІ

5.01-бөлім. Күшіне енуі алдындағы шарттар

      Осы Келiсiм күшiне ену үшiн қосымша талаптар ретінде стандартты ережелер мен шарттардың 9.02 (с) бөлiмiнiң мақсаттары үшін мынадай шарттар:
      (a) атқарушы агенттіктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын пилоттық негізде жеке секторға беруіне қатысты жұмыс жоспарын қабылдауды көрсететін, банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша банкке куәлік ұсынылуы.
      (b) регламенттік техникалық күтіп-ұстаудың орташа шығыстарын тым болмағанда қарыз алушының бір саласында, тым болмағанда 50 пайызға ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу және оларды регламенттік техникалық күтіп-ұстау үшін қаржыландыру нормативтерін қабылдауды көрсететін банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша банкке куәлік ұсынуы.
      (c) банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын банктің алуы тиіс екендігі келісіледі.

5.02-бөлім. Заңдық қорытындылар

      Стандартты ережелер мен шарттардың 9.03 (а) бөлiмiнiң мақсаттары үшін заң консультантының қорытындысын немесе қорытындыларын қарыз алушының атынан Әділет министрлiгi ұсынады және банкке берiлетiн қорытындыға немесе қорытындыларға енгізілуге тиіс қосымша мәселелер ретінде мыналар келісіледі: қарыз алушының Парламенті осы Келiсiмдi ратификациялады.

5.03-бөлім. Келiсiмнiң күшіне енбеуiнен оның қолданылуын тоқтату

       Стандартты ережелер мен шарттардың 9.04-бөлiмiнiң мақсаттары үшін осы Келiсiмді жасасқан күннен соң 120 күн өткеннен кейiнгi күн келісіледі.

VI БАП – ӘРТҮРЛІ

6.01-бөлім. Хабарламалар

      Стандартты ережелер мен шарттардың 10.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мына мекенжайлар берiледi:

Қарыз алушы үшін:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      Астана 010000
      Жеңiс даңғылы, 11-үй

      Қаржы министрiнiң назарына:
      Факс: +7 7172 717762

      Банк үшiн:

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi
      One Exchange Square
      Лондон ЕС2А 2JN
      Ұлыбритания

      Операцияларды басқару бөлiмiнiң назарына:
      Факс: +44-20-7338-6100

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиiстi түрде өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi арқылы әрекет ететiн осы Келiсiмнiң тараптары ағылшын тiлiнде төрт данада жасалған және Қазақстан Республикасы Астана қаласына 2012 жылғы 12 желтоқсанда жеткізілген осы Келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етті.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

__________________________
Аты-жөні: Болат Жәмішев
Лауазымы: Қаржы министрі

ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI

_________________________________
Аты-жөні: Томас Майер
Лауазымы: Басқарушы директор

1-ҚОСЫМША
ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      1. Жобаның мақсаты Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пункт пен Шымкент –Ташкент жолының 742 км бекеті арасындағы ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялауда қарыз алушыға көмек көрсетуден тұрады. Жоба Еуропаны Қытаймен байланыстыратын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғыртудың бір бөлігі болып табылады.

      2. Жоба банк пен қарыз алушы ара-тұра уағдаласа алатын өзгерiстер енгізілуге тиiс мынадай бөлiктерден тұрады:

      (A) қарыз қаражатынан қолданыстағы Қарыз туралы келісімге қосымша Келісім шеңберіндегі сияқты бірлесіп қаржыландырылатын ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялау жөніндегі құрылыс жұмыстары1 мынадай түрде:
      қарыз қаражаты қолданыстағы екі жолақты қозғалыстағы I-b санатындағы жолды және қолданыстағы көлденең тасжолды техникалық күтіп-ұстап, 804,2 км өзбекстандық шекараны 742 км автожолдағы пунктпен қосатын ұзындығы 62 км қолданыстағы жол учаскесін реконструкциялауды қаржыландыруға пайдаланылатын болады. Жолдың қолданыстағы учаскесі техникалық күтіп-ұстауда болғандықтан, жолды қандай да бір кеңейту талап етілмейді;
      қолданыстағы ІІІ санатты бір жолақты жол стандартын стандарты бар екі жолақты қозғалыс I-b санатты жолға дейін шамамен 799 км жол айрықтан 804,2 км «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пунктке дейін жол учаскесін реконструкциялау. Бұл жолды 15 метрге кеңейтуді талап етеді. Шекараның қиылысу пунктіне кіреберісте ені 6 м уақытша жолдар жергілікті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін екі жақтан да қосылатын болады;
      жергілікті уақытша жолдар тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан жердегі жолдармен және көптеген шағын қиылыстармен қатар үш орналасу орнымен қамтамасыз етілетін болады. Осы уақытша жолдар негізгі қиылыстарға жергілікті қозғалысты жүзеге асыратынболады және М39 бас тасжолға бүйірден жиі қосылу қажеттігінен құтқарады;
      жолды жайластыруды, жол таңбасын және жол белгілерін қамтитын жолдардағы жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды енгізу.

      (В) Құрылыс жұмыстары үшін жобаны қадағалау және басқару жөніндегі консультант:
      қарыз қаражаты консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады, олар жобаның А бөлігінің шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын болады және жобаны басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

      (С) Автожол саласын басқаруды реформалауға арналған консультациялық қызметтер:
      қарыз қаражаты Көлік және коммуникация министрлігіне және Автомобиль жолдары комитетіне (i) сатып алу функцияларын күшейту және сатып алуға арналған күрделі келісімшарттарды басқаруға арналған әлеуетін ұлғайту үшін, (ii) жол саласын тәуелсіз жол агенттіктері басқаратын елдердің тәжірибесін талдауда және болашақта тәуелсіз жол агенттігін құруды қолдауда, (iii) техникалық стандарттарды жан-жақты шолуда және жаңартуда, (iv) нәтижелілікке негізделген техникалық күтіп-ұстауға арналған келісімшарттарға конкурс жариялауға жеке сектордың дайындығын бағалауға жәрдем көрсету үшін консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады.

      3. Жоба 2016 жылғы 31 желтоқсанға қарай аяқталады деп күтiлуде.
_____________________
1Жоғарыда көрсетілгенге қосымша қарыз алушы қолданыстағы Қарыз туралы келісім шеңберінде қарыздың үнемделген қаражатын қайта бөлу арқылы елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000) мөлшерінде жоба үшін қосымша қаржыландыру беру туралы өтінішпен банкке жүгінде.

2-ҚОСЫМША
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫНЫҢ САНАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ АЛУ

      1. Осы қосымшаға қосылған кестеде санаты, әрбiр санатқа бөлiнетiн қарыз сомасы, сондай-ақ әрбiр санатта қаржыландырылуға жататын шығындардың үлесi жазылады.
      2. Жоғарыда көрсетiлген 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қарыз қаражатын алу мыналарға:
      (а) Қарыз туралы келiсiмге қол қойылған күнге дейiн шеккен шығындарға;
      (b) жобаның (В) бөлiгiнде көрсетілген жобаны қадағалау және басқару жөніндегі консультант тиісінше тағайындалғанға дейін 1-санат шеңберіндегі шығындарға қатысты жүргізілмеуге тиіс.

2-ҚОСЫМШАҒА толықтыру

Санаты

Қарыз валютасында бөлiнген қарыз сомасы

Қаржыландырылуға жататын шығындар үлесi

(1) Жобаның А бөлiгi шеңберiндегi жұмыстар2

136,136,000.00

қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны

(2) Жобаны басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, жобаның С бөлігі үшін консультациялық қызметтерді алып тастағанда, құрылысты қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4,740,000.00

қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны

(3) Жобаның С бөлігі үшін консультациялық қызметтер

1,124,000.00

қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны

Жиыны

142,000,000.000 АҚШ долл.


_______________
2Жоғарыда көрсетілгенге қосымша қарыз алушы қолданыстағы Қарыз туралы келісім шеңберінде қарыздың үнемделген қаражатын қайта бөлу арқылы елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000 АҚШ доллары) мөлшерінде жоба үшін қосымша қаржыландыру беру туралы өтінішпен банкке жүгінді. Жобаның жалпы бюджеті 196,500,000 АҚШ долларын құрайды.
      Осымен 2012 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің («Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Құжат айналымын
      қамтамасыз ету және бақылау,
      мемлекеттік тілді дамыту департаменті
      Мемлекеттік тілді дамыту
      және редакциялау
      басқармасының басшысы                             Б.Ахметжанова

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады