"Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 425 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
      3) білімдерді, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жолымен тарату және беру, консультациялық қызметтер көрсету;
      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары репродукциялы тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімін өндіру және тарату.»;
      34 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.
      4. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
      5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады