"Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 469 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 514 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР 29.06.2023 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері және пансионаттар (айына көпшілік алдында орындау, көрсету, хабарлау және жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін қолданылатын техникалық құралдың бірлігі үшін)

0,2 АЕК


      ";

      Ескертпе мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. 9-тармақта көзделген сыйақының ай сайын төленетін мөлшері техникалық құралдар санын онда көрсетілген сыйақы ставкасына көбейту нәтижесінде алынған сыйақының он екіден бір бөлігін құрайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады