Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 479 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысымен

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 14 мамырда «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - қаулысы) № 479 қаулысын қабылдады.
      Қаулы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 52-р өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 75-V Заңын іске асыру мақсатында қабылдау қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесінің 2-тармағына сәйкес әзірленді.
      Жоғарыда аталған қаулы судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тетіктерін әзірлеу мақсатында әзірленді.
      Қаулыны қабылдау әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз