Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 488 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 444 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 488
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
қаулысына
БАСПАСӨЗ релизі

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау мақсатында«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі - Қаулы)қаулысы әзірленді.
      Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi.
      Көрсетілген нормативтік актімен «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 мен «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 маусымдағы № 783 қаулылары күшiн жойған.
      Қаулдың мақсаты - жарылғышжәне пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінбекіту. Сонымен қатар - өтініш берушінің Қазақстан Республикасы аталған қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік органдар анықтау.
      Болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдары: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуіне бiрыңғай әдісін қамтамасыз ету; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi арттыру; мемлекеттiк қызметі көрсету процесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңайлатуға, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн, көрсетiлетiн қызметтi алушылар ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, сондай-ақ оны көрсету процесiнiң буындарын қысқартуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.
      Болжанатын тиiмдiлiгi: жеке және заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті іске асыру нысандарының жетілдіру.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз