"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 497 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 458 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген 6-бөлімдегі 31-тармақ алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген 9-бөлім мынадай мазмұндағы 48-1, 48-2, 48-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «48-1. Қазақстан – қырғыз Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланымдағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі комиссия.
      48-2. Қазақстан – Қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссия.
      48-3. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі комиссия.»;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 10-бөлімдегі 515254-тармақтар алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген 13-бөлім мынадай мазмұндағы 68-1-тармақпен толықтырылсын:
      «68-1. Қазақстан – Литва сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.»;
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген 15-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады