"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін
оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25
мамырдағы №516 қаулысына баспасөз-хабарламасы
"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы:
- "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құруды;
- акцияларының мемлекеттік пакеттері Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар тізбесін бекітілуді;
- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ меншігіне республикалық мүлікті айырбастау шарты бойынша беруді;
- Қоғамның қызметінің заңнамалық негізін әзірлеуді көздейді.
Қаулы республикалық бюджеттен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 86, 5 млн. теңге сомада қаржылық шығындар болжайды.
Қаулы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрлігі