"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 537 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 19-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан мәліметтер беру қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      2) 20-бапта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және/немесе мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметінің жұмысын нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      3) 24-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және/немесе мәліметтер беру;»;
      4) 25-бапта:
      1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және/немесе мәліметтер беру;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және/немесе мәліметтер беру;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорын толтыру үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және/немесе мәліметтер беру;»;
      5) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және/немесе мәліметтер беру;»;
      6) 27-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сәулет және қала құрылысы;»;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сәулет және қала құрылысы;»;
      7) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Авторлық қадағалауды жобаның авторы және/немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеушілер:
      осы Заңның 15-бабында және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда;
      мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілер салынған кезде жүзеге асырады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      8) 37-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:
      1) республикалық;
      2) облыстық;
      3) аудандық (облыстардың аудандары);
      4) базалық (республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоса
алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.»;
      9) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры (республикалық, облыстық, аудандық (облыстардың аудандары), базалық (республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоса алғанда, елді мекендер) Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тапсырыс берушісі болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу қызметі мемлекеттік монополияға жатады және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен құрылған мемлекеттік кәсіпорынымен жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
      5. Төменгі деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрлары жоғары деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негізі болып табылады.»;
      10) 39-бап алып тасталсын;
      11) 60-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Бекітілгеннен кейін 3 және одан да көп жыл ішінде құрылысқа арналған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын белгіленген тәртіппен әзірлеу басталмаған объектілердің құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасы ескірген болып саналады және белгіленген тәртіппен қажетінше қайта өңделіп (жаңартылып), жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.».
      2. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
      134-баптың 2-тармағының 22) тармақшасындағы «автоматтандыру саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «автоматтандыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу саласында жүзеге асырады.».
      2-бап. Осы заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады