"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 556 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 1-тармақта:
      «1.» деген сан алынып тасталсын;
      83) және 84) тармақшалар алынып тасталсын;
      85)86) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «85) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы әдістемелер мен нормативтік құқықтық актілерді келісу;
      86) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстарды келісу;»;
      «88) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келісу;»;
      89) тармақша алынып тасталсын;
      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «90) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезіндегі қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;»;
      91) және 92) тармақшалар алынып тасталсын;
      93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «93) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келісу;»;
      145) тармақша алынып тасталсын;
      «Ведомствоның функциялары» деген 2-тармақта:
      «2.» деген сан алынып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Қазақстан Республикасының шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіру мен қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді бақылау.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады