"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 562 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 қаулысымен

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және
арттыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 562 қаулысына
баспасөз хабарламасы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 ақпандағы Заңын іске асыруға әзірленген «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 562 қаулысы 2013 жылғы 6 маусымда қабылданды.
      Қабылданған өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік қатерлердің бес түрі бойынша: еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді есептеу (айқындау) тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер мөлшерін қайта есептеу және ұзақмерзімді түрлері бойынша (еңбек ету қабiлетiнен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына) әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру тәртібі нақтыланған.

      Қазақстан Республикасы Еңбек
      және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз