Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

«Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке
алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563
қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 31) тармақшасына және 5-бабының 39) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ереже энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар персоналының жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлауды ұйымдастырудың негізін айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз