Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1791 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК-ның теңгеріміндегі мүлік» деген 2-бөлімдегі реттік нөмірлері 51, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов