Жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру және оларды қорғаныс мұқтажы үшiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 579 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2-бабына және 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының жалпы алаңы 0,0037 гектар жер учаскелері босалқы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 0,2937 гектар жер учаскелері қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Өскемен аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығында берілсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 579 қаулысына   
1-қосымша      

Босалқы жер санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш
қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және
ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер санатына
ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде

жайылым

басқа да алқаптар

1.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі

0,0009


0,0009

2.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы, Жалғызтөбе кенті

0,0028


0,0028

Жиыны:


0,0037


0,0037

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 579 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Өскемен
аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне
тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы

Жер санаты

1.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы, Шуақ ауылы

0,29

Көп қабатты тұрғын үйге қызмет көрсету үшін

Елді мекендердің жері

2.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі

0,0009

Ауыз су құбырына қызмет көрсету үшін

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер

3.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы, Жалғызтөбе кенті

0,0028

Электр желісіне қызмет көрсету үшін

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер

Жиыны:


0,2937



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады