"Жиырмалық тобына" қатысушы елдер көшбасшыларының саммиті шеңберінде өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасының қатысуы жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 596 қаулысы

      «Жиырмалық тобына» қатысушы елдер көшбасшыларының саммиті шеңберінде өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасының қатысуы жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жиырмалық тобына» қатысушы елдер көшбасшыларының саммиті шеңберінде өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасының қатысуы жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша), сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) Жоспарда көзделген іс-шаралар өткізілген күннен кейін 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығына ақпарат берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 13 маусымдағы
№ 596 қаулысымен   
бекітілген      

«Жиырмалық тобына» қатысушы елдер көшбасшыларының саммиті
шеңберінде өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасының
қатысуы жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар
Жоспары


р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Өңірлік қаржылық тетіктер: халықаралық қаржылық архитектурадағы рөлі және ХҚҚ-мен ынтымақтастығы» семинарына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
сәуір

2.

Сенімді, орнықты, теңгерімделген өсуді қамтамасыз ету жөніндегі негіздемелік келісімді іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, СІМ

2013 жылғы
сәуір

3.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлерінің орынбасарлары мен орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
сәуір

4.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлері және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
сәуір

5.

Әйелдер үшін қаржылық қызметтерге рұқсатты кеңейту мәселелері жөніндегі семинарға қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Еңбекмині, СІМ

2013 жылғы
сәуір

6.

Сауда мәселелері жөніндегі семинарға қатысу (ЕЫДҰ)

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, СІМ

2013 жылғы
мамыр

7.

Дамуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, СІМ

2013 жылғы
мамыр

8.

«Жиырмалық тобының» шерпаларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
мамыр

9.

Энергетика мәселелері жөніндегі сарапшылар семинарына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, МГМ, СІМ

2013 жылғы
маусым

10.

Энергетика саласын орнықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, МГМ, СІМ

2013 жылғы
маусым

11.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭҚСЖКА (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
маусым

12.

Жұмыспен қамту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Еңбекмині, ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
маусым

13.

«Халықаралық валюта-қаржы жүйесіндегі рейтингтік агенттіктер» конференциясына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
маусым

14.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлерінің орынбасарларының және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
маусым

15.

«Жиырмалық тобының» азаматтық саммитіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

МАМ, СІМ

2013 жылғы
маусым

16.

«Қаржылық сауаттылық және қаржылық білім» конференциясына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

2013 жылғы
маусым

17.

«Жиырмалық тобының» жастар саммитіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

БҒМ, СІМ

2013 жылғы
маусым

18.

«Жиырмалық тобының» іскерлік саммитіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ӨДМ, ИЖТМ, МГМ, СІМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
маусым

19.

Дамуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, СІМ

2013 жылғы
шілде

20.

Әлеуметтік әріптестердің кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ӨДМ, ИЖТМ, МГМ, Еңбекмині, СІМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
шілде

21.

«Жиырмалық тобының» еңбек министрлерінің әлеуметтік әріптестермен кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Еңбекмині, СІМ

2013 жылғы
шілде

22.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлерінің орынбасарларының және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
шілде

23.

«Жиырмалық тобының» еңбек министрлері мен қаржы министрлерінің біріккен кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Еңбекмині, Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
шілде

24.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлері және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
шілде

25.

«Жиырмалық тобының» шерпаларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
шілде

26.

«Жиырмалық тобының» шерпаларының және қаржы министрлері орынбасарларының біріккен кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
қыркүйек

27.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлерінің кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

СІМ, ҚМ

2013 жылғы
қыркүйек

28.

«Жиырмалық тобының» мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының саммитіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ПӘ (келісім бойынша), ПМК, СІМ

2013 жылғы
қыркүйек

29.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Еңбекмині, ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
қазан

30.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

Қаржы полициясы (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
қазан

31.

Валюта-қаржы жүйесін реформалау жөніндегі отырысқа қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
қазан

32.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлері орынбасарларының және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
қазан

33.

«Жиырмалық тобының» қаржы министрлерінің және орталық банк басқарушыларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
қазан

34.

Дамуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ЭБЖМ, СІМ

2013 жылғы
қазан

35.

«Жиырмалық тобының» шерпаларының кездесуіне қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ПӘ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
қазан

36.

Қаржылық қызметке рұқсатты кеңейту саласындағы жаһандық әріптестік жөніндегі конференцияға және семинарға қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ

2013 жылғы
қазан

37.

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің пленарлық отырысына қатысу

СӘТО-ға ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы
қараша

      Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      СӘТО – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
      Қаржы полициясы – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      ЕЭҒК – Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы
      «Атамекен» - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады