Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 604 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) алаңы 26,44 гектар жер учаскесі мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін Текес өзенінде су электр станциясының каскадын салу үшін «КазГидроКаскад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 604 қаулысына    
қосымша        

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына
арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылатын орман қоры
жерлерінің экспликациясы

р/с

Жер пайдаланушының
атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орманды жерлер

алаңдар

жайылым

шабындық

жолдар

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

26,44

6,5

0,74

18,7

0,5

-

-


ЖИЫНЫ:

26,44

6,5

0,74

18,7

0,5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады