Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 90 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 612 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 562-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларында:

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік);";

      14-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2014 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады