«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 620 қаулысына баспасөз-хабарлама
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 620 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы әзірленген.
Қаулымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамына «Тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосылуы қарастырылған.
«Тау-кен компаниясы» ЖШС қайта ұйымдастырудың нәтижесінде өзінің қызметін тоқтатады, «Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның үшінші жақ алдындағы барлық келісімі және өзге де міндеттемелерін сақтап, еншілес өндіруші кәсіпорындардың уран өндіру мен өндіріс үздіксіздігі үдерісін, әкімшілік- басқару персоналының санын, әкімшілік шығыстарын бақылайтын «Қазатомөнеркәсіп» ҰAK» АҚ «Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның барлық құқықтары мен міндеттерінің заңды мирасқоры болады.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді қажет етпейді және теріс әлеуметтік - экономикалық және құқықтық салдарды болжамайды.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі