«Электр желілік қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 19маусымдағы № 625 қаулысыныңбаспасөз-релизі
«Электр желілік қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 23) тармақшасына және 5-бабының 32) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағида электр желісін пайдалану мен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқаруды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі