Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 626 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) жалпы алаңы 140,0 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің уран өндіру үшін «Тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 626 қаулысына   
қосымша       

Мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік,
байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына
арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған
жерлер санатына ауыстырылатын орман қоры жерлерінің
экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орман көмкерген

ауыл шаруашылығы алқаптары

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

1.

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

140,0

140,0

-

-


Жиыны:

140,0

140,0

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады