«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қарағанды облысы Теміртау қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облыстық және Теміртау қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
2. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас жоспарын бекіту туралы» Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 17 мамырдағы № 278 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 маусымдағы
№ 637 қаулысымен
бекітілген
Жоба
Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың міндеті
Қарағанды облысы Теміртау қаласының Бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) қала құрылысын кешенді жоспарлауды айқындайтын, аймақтандыруды, аумақтың жоспарлы құрылымын және оны функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін қала құрылысының негізгі құжаты болып табылады.
Бас жоспар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленіп, кешенді қала құрылысы сараптамасынан (Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, сарапшы комиссиясының жетекшісі Д. Әкімжанов бекіткен 2011 жылғы 30 қарашадағы № 01-516/11 жинақ қорытынды) өткізілді.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданған: бастапқы жыл – 2008 жыл, құрылыстың бірінші кезегі – 2015 жыл, есептік мерзім – 2025 жыл.
«Теміртау қаласының бас жоспары» жобасы бастапқы деректерді жинақтау және Теміртау қаласының аумағын нақты тексеру кезінде нақтыланған ағымдағы өзгерістермен бірге тапсырыс беруші 1:5 000 және 1:2 000 масштабында ұсынған топографиялық түсірілім материалдарының негізінде әзірленді.
Бас жоспарда табиғи-климаттық жағдайларды, сондай-ақ функционалдық аймақтандыруды, резервтік аумақтарды және қауіпті табиғи әсер етулер мен техногендік құбылыстардан және процестерден, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда Теміртау қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
2. Қаланың қала құрылысын дамытудың мақсаты
Теміртау қаласының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – қолайлы және эстетикалық тартымды өмір сүру ортасын құруды, халық пен болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін қаланың экологиялық орнықты және үйлесімді дамуы.
Осы мақсатқа қол жеткізу:
1) қала құрылысы шешімдерінің сабақтастығын;
2) сәулет-кеңістіктік бірлік пен қала кейпінің эстетикалық мәнерлілігін;
3) тұрғын үй проблемасын шешудің кешенділігін, тұрғын үй аумақтарын қайта жаңғырту мен дамытуды, қолайлы тұрғын ортаны қалыптастыруды;
4) тұрғын үй, өнеркәсіптік, қоғамдық-іскерлік, табиғи-демалыс және басқа да қалалық аумақтарды теңгерімді дамытуды;
5) қоғамдық орталықтар жүйесінің дамығандығы мен қолжетімділігін;
6) өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігін;
7) тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи кешеннің орнықтылығын;
8) көліктік және инженерлік инфрақұрылымдардың сенімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сипаттайды.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Теміртау қаласының аумағын салу, қайта ұйымдастыру және абаттандыру, құрылысты реконструкциялау, тіршілік ету ортасының сапалық сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы қажет.
3. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер
1. Климат
Теміртау қаласы ауданының климаты аумақтың үлкен су кеңістіктерінен шалғай орналасуына, сондай-ақ орталық Азия шөлдерінің субтропиктік құрғақ жылы ауасы мен арктикалық ылғалы аз суық ауаның еркін енуіне байланысты шұғыл континентті, қысы суық және жазы ыстық болып келеді.
«Құрылыс климатологиясы» ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 сәйкес Теміртау қаласы I – В климаттық кіші ауданында орналасқан.
2. Рельеф
Жобаланатын аумақ Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Осы аумақтың орталық бөлігінде ұсақшоқылар орналасқан, ал қалған аумақта оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс жақтары орталық бөлікпен шектескен шоқыаралық алқаптан тұрады. Ұсақшоқылар жеке тұрған жайпақ аласа немесе әлдеқайда жас борпылдақ үйінділердің арасында ілгері созылып жатқан қалдықтар арқылы пайда болған байырғы девондық жүйе жынысының бір тізбекке біріккен шөгінділерінен тұрады. Шоқы шыңдарының биіктігі 104,7-ден 157,25 м-ге дейін ауытқиды. Шоқылар қазіргі уақытта созылмалы эрозиондық процестер нәтижесінде жұмсақ, тегіс кескінде. Шоқылар баурайлары – жазық, жоғарғы қабаты тегіс, тақырлау, бірақ нашар дамитын шөптермен сирек қапталған. Бұлақ тәріздес жер асты суларының шығу орындарында шоқылардың баурайлары батпақты өсімдіктермен және ұсақ тырбиған бұталармен қапталған.
3. Гидрография
Теміртау ауданының гидрографиялық желісі – Самарқанд су қоймасының бассейніне және одан жобаланатын аудан арқылы шығыстан (Жоғарғы бьеф – Самарқанд су қоймасы – Төменгі бьеф – Нұра өзені) батысқа қарай ағып өтетін Нұра өзеніне жатады.
Нұра өзенінің ағысы жыл сайын Қарағанды-Теміртау өнеркәсіптік ауданын сумен жабдықтауға арналған Самарқанд су қоймасына жиналады. Табиғи ағыс негізінен көктемгі су тасқыны кезінде қардың еру салдарынан қалыптасады.
Жазғы жауын-шашын салдарынан пайда болған тасқындар көлемі және келтіретін шығыны жағынан су тасқынына қарағанда айтарлықтай аз.
Ашық арна кезіндегі ағыс өнеркәсіп ағысы салдарынын, сондай-ақ жоғарыда орналасқан су айдындарының, қоймаларының суларын сүзуден өткізу және ығыстыру негізінде қалыптасады.
4. Топырақ-өсімдікті жабын
Қаралатын аумаққа топырақ шығарудың түрлі жағдайлары, түрлі-түсті топырақты жабындар, тұзды және сорлы топырақтар тән. Төрттік шөгінділер басым түрде ұсақшоқылар аумағындағы топырақ құраушы жыныстар болып табылады.
Қаланың басым аумағын қара-талшын түстес сортаң топырақтар алуда. Осы топырақтар сортаң және сор топырақтар (10 %-ға дейін) кешенінде жер-жерде кездеседі. Топырақ құрамы тығыздығының аздығымен және үстіңгі қабатында шағыл тасты топырақтың шоғырлануымен сипатталатын қара-талшын түстес толық дамымаған және нашар дамыған топырақтар аса кеңінен таралған. Қара-талшын түстес сортаң топырақтар қала аумағында толық дамымаған қара-талшын түстес топырақтар мен сортаңдар арасында кіші телімдер және дақ тәріздес болып кездеседі.
Теміртау қаласының барлық игерілген аумағы және қаланың әрі қарай дамытылатын аумағы адам әрекетінің нәтижесінде топырақ құрамы ішінара бүлінген жерлерге жатады. Осыған орай көгалдандыру аймағының елеулі аумағында жасанды топырақ жабындары жасалған. Көгалдандыру жасанды көшеттерді отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
5. Физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстар
Жобаланатын аумақтың физикалық-геологиялық жағдайлары аса күрделі және Орталық Қазақстан қатпарлы облысына тән өзіндік ерекшеліктермен айқындалады. Аумақта жер асты суларының екі типі байқалады: а) саңылаулы – төрттік шөгінділер; және б) жарықты – девондық шөгінділер. Саңылаулы сулардың көкжиегі таралудың кездейсоқ сипатына ие. Алаңның солтүстік-батысы мен ішінара оңтүстік-шығысында 1,30-9,00 м тереңдікте саңылаулы сулар жасырылған. Жер астындағы сулар деңгейі маусымдық құбылуға бейімделген. Көктемгі-күзгі кезеңде жер астындағы сулар деңгейі 1,0-1,5 м дейін көтерілуі мүмкін. Девондық шөгінділердің жарықты сулары жергілікті сипатқа ие және аумақтың солтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында байқалған. Девондық шөгінділердің жер асты сулары бұзылған аймақтарға ұштасқан бұлақтар түрінде күндізгі жазықтыққа шығады. Жобаланатын аумақта 5 бұлақ тіркелді. Жарықты судың неогеннің төселген сазды топырақтарына шығуы байқалады, осының салдарынан оларға іргелес учаскелердің батпақтануы жүруде.
6. Сумен қамтамасыз етілу шарттары
Теміртау қаласының тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен жабдықтау көздері мыналар: «Жоғарғы бьеф» Сергиополь жер асты су бөгенінің және «Төменгі бьеф» жер асты су бөгенінің жер асты сулары болып табылатын бірыңғай сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылады.
«Жоғарғы бьеф» Сергиополь жер асты су бөгені 51 ұңғымадан тұрады және Нұра өзенінің элювиальды-гравелді шөгінділерінің екінші көкжиегінің жер асты суларын пайдаланады.
Қолданыстағы жер асты көздерінің санитариялық қорғалатын аймақтары «Санитариялық қорғалатын аймақтар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 13-тарауының талаптарына сәйкес келеді.
Жер асты суларын ескере отырып, қазіргі уақытта қалаға жалпы су беру жылына 12,47 млн. т3 құрайды. Су бөгенінің жалпы көлемінде жер асты сулары 24 %-ды құрайды. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ су шаруашылығы барлық белгілі сумен жабдықтау схемаларын пайдалана отырып ұйымдастырылған: тікағысты, айналымдағы, қайта пайдаланылатын. Жалпы су тұтыну жылына - 506 млн. т3 немесе тәулігіне 1,386 млн. т3 құрайды, оның ішінде шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне жылына - 52 млн. т3 немесе тәулігіне 142 мың т3.
Теміртау қаласының ұсақ кәсіпорындары қалалық желілерге және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ желілеріне қосылған.
Теміртау қаласының өнеркәсіп ауданын өндірістік сумен жабдықтау көзі Самарқанд су қоймасы болып табылады.
4. Әлеуметтік-экономикалық даму
1. Демография
Теміртау қаласындағы демографиялық процестердің серпіні перспективада қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан, сол сияқты қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қайта жаңарудың үдемелілігі барысында қалыптасатын жаңа факторларының барлық жиынтығының өзара әрекеттесуімен айқындалатын болады.
Теміртау қаласының демографиялық дамуының сипаттамасы халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен айқындалады, олардың ауқымдылығы мен бағыттылығы әлеуметтік-экономикалық қайта жаңартулардың нәтижелеріне: қаланың экономикалық әлеуетін дамытуға, тұрғын үй нарығын, жұмыспен қамту мен еңбекақы деңгейін, мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат пен өзге де факторларды дамытуға тәуелді болады.
2007 жылғы 1 қаңтарға халықтың саны 171,9 мың адамды құраған. Қала халқы санының қалыптасуына демографиялық процестер ықпал етеді. Халықтың табиғи өсуі 2005 жылдан бастап (1277 адам) оң бола бастады және 2007 жылы 1300 адамды құрады. Қаралып отырған кезеңде халықтың тууының артуы байқалады, бұған халықтың біршама бөлігінің өмір сүру әл-ауқаты жағдайының жақсаруы, отбасыны және ондағы балалар санын ұлғайтуға ұтымды және саналы түрде келу байқалуда. 1993 - 2003 жылдардан бастап алған кезеңде қала халқының орташа жылдық өсу қарқыны 94,3 - 99,8 %-ды құрады. Қазақстан экономикасының тұрақтануымен 2004 жылдан бастап өсу қарқыны 100 %-дан жоғарылай бастап, 2006 жылы 100,8 %-ға дейін өсе бастады.
Экстраполяция әдісімен 2015 жылға және 2025 жылға арналған халықтың перспективті саны бойынша деректер болжамды түрде (есептік мерзімге қарай) айқындалған.
2015 жылы халықтың өсуі 184-190 мың адамға жететін болады, бұл ретте ықтимал 1,52,0 % статистикалық қателік қала дамуының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізбейді.
2015 жылға арналған қала халқы санының әрі қарай өсуі мынадай факторлар базасында болжамды түрде айқындалады:
1) халықтың табиғи өсуі (соңғы 5 жылда орта есеппен қабылданған);
2) жаңа 13 өнеркәсіптік өндіріс базасында Теміртау қаласының Техникалық паркін жобалау және салу;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген «Нұрлы-Көш» бағдарламасы бойынша жақын және алыс шетелдерден оралмандарды тарту, оның ішінде өңір үшін;
4) елге уақытша жұмысқа келетін Қазақстанның резиденттері емес адамдар санының өсуі.
«Теміртау қаласының техникалық паркінің» кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жұмысшы кадрлардың болжамдық саны бойынша кадрлардың жалпы саны жоғарылауы және өнеркәсіптік бейіндегі ұсақ кәсіпорындардың, әсіресе құрылыс саласында өсуі тиіс.
2011 жылғы деректерден шыға отырып, «Нұрлы-Көш» бағдарламасы аясында Теміртау қаласында тұру үшін жыл сайынғы квота шамамен белгіленді.
Пессимистік болжамның өзінде жалпы он жылдық кезеңде тартылатын кадрлар деңгейі 7,0 мың адамға дейін құрауы мүмкін. Алдағы 10 жылдағы халықтың табиғи өсуі бойынша кадрлар санын бағалау 15,0 мың адамға дейін құрайды.
Қазақстан Республикасының (Теміртауға уақытша келетіндер, бірақ саяси құқықтар мен т.с.с. басқа барлық көрсетілетін қызмет түріне дерлік құқықтарды пайдаланатындар) резиденті емес адамдар саны бойынша 10 жылда кадрлар санын бағалау 2,0 мың адамға дейін құрайды.
Еліміздің басқа өңірлермен салыстырғанда халық кірісінің неғұрлым жоғарғы деңгейін есепке алу жөніндегі соңғы деректер – 10 жылда санның өсуі 2-3 %-ға дейін бағалануда.
Жиыны: отбасылық коэффициенті 3,2 қала құраушы кадрлардың жалпы өсуі 2025 жылға қарай 256,0 мың адамға дейін құрауы мүмкін.
Халықтың бұл саны осы бас жоспарды әзірлеудің негізі ретінде алынып отыр:
1) 2008 жылы – 171,9 мың адам;
2) 2015 жылы – 195,3 мың адам;
3) 2025 жылы – 256,0 мың адам.
2. Тұрғын үй құрылысы
Есептік статистикалық деректер бойынша 2006 жылғы 1 қаңтарға Теміртау қаласының тұрғын үй қорының жалпы ауданы (әкімшілік қарамағындағы Ақтау қалалық типтегі кентті есептемегенде) 3535,4 мың м2 құрады. Жеке меншікте - 3045,8 мың м2, мемлекеттік меншікте - 489,6 мың м2 болды. Есептік статистикалық деректер бойынша қаланың жалпы тұрғын үй қоры (1991 жылғы 1 қаңтар) 3553,5 мың м2 немесе қаланың 2006 жылғы жалпы тұрғын үй қорына шаққанда 100,5 %-ды құрады.
Жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша алдын ала есептер 2015 жылға 22 м2/адам (отбасылық қоныстандыруды ескере отырып), 2025 жылға 24 м2/адам мөлшерінде қабылданған халық саны өсуінің болжамдық шегін және орташа тұрғын үймен қамтамасыз етілуді ескере отырып жасалған.
Теміртауды дамытудың бас жоспары қаланың негізгі 5 құрылыс алаңын кезең-кезеңмен игеруді болжайды:
Құрылыстың бірінші кезегіне № 1 негізгі құрылыс алаңы, қаланың Оңтүстік-Батыс учаскесінің аймағында перспективада 40 мың тұрғын қоныстандырылатын ауданы 400 га аумақта қалыптасатын болады.
Резервтегі аумақтар – № 2 алаң – М-9-да көпқабатты үй салуды және оған іргелес аумақта 120150 мың м2 тұрғын үй қорын салуды аяқтау көзделген; құрылысы 1-кезеңде болжанып отыр.
№ 3 алаң – қаланың қала құрылысында шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдем көрсету кезінде және 50-60 % және одан асатын амортизациялық тозуы бар тұрғын үй қорын ішінара реконструкциялауды ескере отырып, құрылысты тығыздау және абаттандырылатын қала ортасының сапасын арттыру мақсатында ТЖҚ-ның жекелеген ғимараттары мен құрылыстарын байланыстыру жөніндегі дәл жұмыстарды жүргізу үшін бас жоспарда көзделген. Тұрғын үй қорының 100 мың м2 дейінгі көлемде ТЖҚ көлемі Бас жоспардың барлық қолданыс кезеңіне (2009 - 2025 жж.) болжанады.
№ 4 алаң – тозығы жеткен және құнсыз, азқабатты тұрғын үй қорын ішінара бұза отырып, жалпы қалалық сызықтық орталықтағы Самарқанд су қоймасы жағалауының аймағын реконструкциялауды болжайды. Жаңа тұрғын үйді енгізу бойынша болжанып отырған жұмыстардың көлемі қалалық маңызы бар әлеуметтік мәдени тұрмыстық салаға қызмет көрсететін бірқатар объектілерді салумен қатар шамамен 120 мың м2-қа дейін жалпы ауданды құрайды. Осы көлемді 2015 - 2025 жж. есептік мерзімде игеру болжануда.
Бесінші құрылыс алаңы – бұл мүлде жаңа, Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласының арасындағы іргелес аумақта орналасқан Теміртау-2 Жаңа қаласын салуға арналған игерілмеген аумақ.
Шамамен 2020 - 2025 жылдарға арналған құрылыс салу көлемдері мыналарды құрайды - халық қаражатының есебінен құрылыс көлемі 40-50 мың м2 тұрғын үй қоры және қала құраушы кәсіпорындар мен мемлекеттік күрделі қаржы салымдары есебінен 10-15 мың м2.
Экологиялық тұрғыдан таза және жағдайлары өте қолайлы болып табылатын жаңа қалалық қоныстар, бұл аумақтар құрылыс тығыздығы мен орта қабатты құрылыстардың деңгейіне байланысты мұнда 0,5 млн-нан 1 млн-ға дейін тұрғынды қоныстандыру үшін ресурстық сыйымдылыққа ие.
Аталған алаң қалаға тек перспективада, есептік мерзімнің соңында жаңа бос аумақтарды игеру мен шығару қажет болған жағдайда талап етілетін болады.
3. Өнеркәсіп
Статистикалық тіркелім деректері бойынша қалада 1229 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, олардың ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 880. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарына ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асыратын белсенді, жаңа, яғни жуырда тіркелген және әзірше өндірістік қызметті бастамаған, уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі (31,7 ) құрылысқа маманданған автомобильдер, тұрмыстық заттар мен жеке пайдалану заттар саудасымен, оларды жөндеумен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 29,5 -ы, өнеркәсіптік қызметпен 15,2 -ы айналысады, олардың басым көпшілігі өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі (өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 95,5 -ы). Барлық өндірістік кешенге шешуші ықпал ететін жетекші сала қара металлургия болып табылады, оған Қарағанды көмір бассейнінің сапасы жоғары тас көмірінің аса ірі қорлары мен темір кен орындары ықпал етеді. Металлургияның дамуын соңғы 7 жылдағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері өндіріс көлемінің өсуі мен өнімнің артуын құндық мағынада орта есеппен 270 -ға дейін көрсетіп отырған «Арселор Миттал Теміртау» металлургиялық комбинаты айқындайды.
4. Экономикалық қызмет
Қарағанды облысы мен өңірдің экономикалық дамуында Теміртау қаласының орны мен рөлі орасан зор.
Қарағанды облысы Теміртау қаласымен және оның металлургиялық әлеуетімен бірге республиканың ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының 12,7 %-ы тұрады (2011 жылғы 1 қаңтарға).
Орталық Қазақстан – әрқашан да өмір сүруге және еңбек қызметіне тартымды болған елдің орталығы.
Бұдан басқа, Теміртау қаласы облыс орталығы, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіптік агломерациясының орталығы – Қарағанды қаласына жақын орналаса отырып, өңірде ыңғайлы орналасқан.
Қаланың экономикалық базасын дамытудың негізі өнеркәсіп болып табылады. Барлық өндірістік кешенге шешуші ықпал ететін жетекші сала қара металлургия болып табылады, оған Қарағанды көмір бассейнінің сапасы жоғары тас көмірінің аса ірі қорлары мен темір кен орындары ықпал етеді.
Қазір қаланың экономикалық әлеуеті жылына 300 млрд. астам теңгені құрайды.
Қаланың барлық даму кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны халық шаруашылығының қала құраушы салаларында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 70 %-нан астамын құраған.
Болжанатын кезеңде жедел экономикалық өсу саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін қала экономикасын перспективалық дамыту қуаттылықтың және мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктері арқылы Теміртау қаласының жалпы өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі арттыруға байланысты.
Бұл ретте, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және техникалық қайта жабдықтауға, жаңа заманауи технологияларды енгізуге және қала тұрғындарының еңбегіне, тұрмысы мен демалуына оңтайлы табиғи ортаны құру үшін бағдарлануға жоспарланып отыр.
Қала экономикасын дамудың қарқынды жолына бағдарлау бас жоспардың алдағы жобалық кезеңіне салынған.
Жаңа бас жоспардың экономикалық дамуының негізгі міндеті қаланың өнеркәсіптік әлеуетінің өсу қарқынын тұрақтандыру міндеті, қолданыстағы өндірістерді қайта жаңғыртуға және техникалық қайта жабдықтауға бағдарлау, қалада жаңа өндірістерді, қала тұрғындарына тікелей қызмет көрсету үшін жеңіл немесе жергілікті өнеркәсіптің экологиялық таза кәсіпорындарын орналастыру болып табылады.
5. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау
1. Экологиялық талаптар
Теміртау қаласын қала құрылыстық дамытуға қойылатын экологиялық талаптарға:
1) тіршілік ету ортасын оның тұрақты экологиялық жайсыз аймақтарында түбегейлі сауықтыру;
2) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын қолайсыз антропогендік әсер етулерден қорғау, шаруашылық қызметтен жоғалған Самарқанд су қоймасын қалпына келтіру және жаңғырту, сондай-ақ резервті аумақтарда жасыл алқапты қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру жатады.
Тіршілік ету ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақты көгалдандыру мен қаланың тұрғын және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.
Теміртау қаласын қала құрылыстық дамытуға қойылатын экологиялық талаптарды орындаудың қажетті шарттары мыналар болып табылады:
1) қала аумағын айқын функционалдық аймақтандыру;
2) қаланың жинақы функционалдық-жоспарлау құрылымы;
3) Самарқанд су қоймасының жағалауы бөлігіндегі рекреация жүйесін қалыптастыру;
4) Самарқанд су қоймасының су қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру, қаланың оны пайдаланудағы қатал регламентін белгілеу;
5) өнеркәсіптік және қоныстану аумақтары арасында санитариялық-қорғалатын аймақтарды ұйымдастыру;
6) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын қолайсыз антропогендік әсер етулерден қорғау және қаланың тұрғын және қоғамдық аймақтарында көгалдандыру мен микроклиматтық жағдайларды жақсартудың үздіксіз жүйесін қалыптастыру және құру жөніндегі шараларды іске асыру;
7) жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және магистральдардың өткізу қабілетін арттыру, шудан қорғалатын үйлер мен магистральдар бойымен экрандар салу, жыныстық құрамы орнықты жасыл жолақтар жасау арқылы шулы жайсыздық аймақтарын жою;
8) бұзылған аумақтарды (күл үйінділерін, қоқыс төгу орындарын және басқа) рекультивациялау;
9) экологиялық таза аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу, ұйымдастырылмаған шығарындылар көздерінің, өндірістердің ағынсыз циклдарының санын қысқарту, өнеркәсіптік объектілердің сутазартқыш жабдықтармен қамтылуын 100 %-ға дейін жеткізу;
10) ауыз су сапасы мен өндірістік және коммуналдық ағын сулары мен беткі қабаттағы ағын суларды тазарту стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
11) көлік қозғалысы қарқынының артуын және жүк тасқынының бөліп таратылуын бақылауды қамтамасыз ету;
12) сумен жабдықтау мен суды бұрудың орталықтандырылған жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту;
13) табиғатты ұтымды пайдалануға бағдарланған экономикалық көтермелеу (санкцияларды қоса алғанда) жүйесін енгізу.
2. Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қаланың негізгі ядросының рекреациялық аймақтар жүйесіне Самарқанд су қоймасының аймағы жатады. Бұл – бірыңғай ландшафттық-сәулет кешенін қалыптастыру, серуендеу бағыттарын құру және жағалауларды ұйымдастыру. Өндірістік объектілер астындағы жағалау аумақтарын кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыру, зиянды өндірістерді шығару, қызметтің экологиялық таза түрлеріне алмастыру. Өндірістік аймақтың бір бөлігін қалпына келтіру есебінен жағалау және жағалау маңындағы рекреациялық аймақты дамыту ұсынылады.
3. Көгалдандыру жүйесін дамыту
Бас жоспарда буферлік жасыл аймақтар, қаланың орталық саябағы (саябақтары), жоспарланған аудандардың (тұрғын аудандардың) саябақтары, ықшам аудандар бақтары мен гүлбақтары және осы құралымдардың өзара сызықтық байланысына сәйкес келетін схема бойынша шешілетін жаңа қалалық қоныстар үшін жасыл көшеттер жүйесін ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдері бірқатар өзгерген.
Мұндай жағдайда қала аумағының қатты климаттық және инженерлік-геологиялық жағдайлары, нашар топырақты жабыны және Сергиополь су бөгенінің қуатты су іріккіш (жер асты сулары) аймағы Самарқанд су қоймасының суатымен түйісетін үлкен айнаның болуы ескеріледі.
Қала құрылысының маңызды факторларының бірі аулалық аумақтарды тиісті жасыл абаттандыра отырып, үй-жайлық құрылысты ұсынатын жаңа Теміртаудың құрылымында азқабатты жеке құрылысты басым жоспарлау болып табылады.
Бас жоспарда Қазақстан Республикасы Президентінің облыс әкімдеріне адамның өмір сүруі үшін тұрғын үй және тұрмыстық жағдайлардың жайлылығы іс жүзінде айтарлықтай жоғары болуы үшін елдің барлық қалалары мен елді мекендерінде жасыл алқаптар ауданын ауқымды ұлғайту қажеттігі туралы талабы да ескерілген.
Орамдық азқабатты құрылыс жанындағы жас алқаптардың негізгі қаңқасы, бірінші кезекте, оларды қаланың негізгі қала құраушы кәсіпорнымен гүлзарлық және өзге де жүргінші және көліктік қатынастармен байланыстыра отырып ендік және меридионалды көшелердің жүйесіне келеді.
Жобада Металлургтер даңғылындағы жасанды гүлзар жүйесі арқылы Теміртаудың қоршаған әлеммен негізгі қатынастары байланысатын Теміртау қаласының сызықтық қоғамдық орталығының жағалау маңындағы аймағын қайта жаңғырту және жайластыру кезіндегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының деңгейіне басты мән беріледі.
Жобада қаланың негізгі саябағын қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында орналастыру ұсынылады, қаланың қалған жасыл «дақтары» қаланың көгалдандыру объектілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтерінің талаптарына байланыстыра отырып, азқабатты құрылыс қаңқасының арасында қалыптастырылатын болады.
Қаланың жасыл массивінде жеке және заңды тұлғалардың құрылыстарын қоса алғанда, қоғамдық ғимараттар – мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен өзге де ғимараттар түрлерінің жанынан отырғызылатын шектелген қолданыстағы көшеттер де айтарлықтай сауықтыру және санациялық рөл атқарады.
Қаланың өнеркәсіптік, коммуналдық және қоймалық аймақтарында санитариялық-қорғалатын жасыл аймақтардың орналасуына да қатаң түрде бақылау жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл ретте, балаларға қызмет көрсетумен байланысты құрылыстар мен кешендерді білікті көгалдандыруға ерекше назар аудару ұсынылады.
Декоративтік дендрологияда осы жағдайда көшеттердің қорғаушы және санитариялық-гигиеналық сапаларын дұрыс қолдану мен пайдалану міндеті аса маңызды.
6. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және регенерациялау
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қарағанды облысының облыстық мәдениет департаментінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау бойынша облыстық мемлекеттік инспекциясы» КМҚК деректеріне сәйкес Теміртау қаласында қаланың тарихи-мәдени мұра ескерткіштері ретінде тіркелген 4 объекті тіркелген.
Қаланың бас жоспарының жобасы шеңберінде бас жоспардың бас жобалаушының тапсырмасы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды гуманитарлық университетінің археологтары Астана-Алматы республикалық магистралінің оң жағында Теміртау қаласы мен Қарағанды қаласының арасындағы аумаққа тарихи және мәдени ескерткіштердің болуы бөлігінде кешенді тексеру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын орындады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қола дәуірінің ежелгі 9 қорғаны, «ерте темір ғасырының» зираттары мен қорғандары табылды. Деректер мәлімет үшін қабылданып, жобада GPS жүйесі бойынша олардың координаталарын байланыстыруды ескере отырып пайдаланылды. Осы Қаланың бас жоспары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қалалық орман жерлері көзделмеген.
7. Аумақты сәулеттік-жоспарлық ұйымдастыру
1. Қаланы аумақтық дамыту мен функционалдық аймақтандыру
Теміртау қаласы бас жоспарының қала құрылыстық шешімдері, оның жоспарлық құрылымы мен функционалдық аймақтандыруы қаланың заманауи жай-күйі, аумақтарды кешенді қала құрылыстық және аумақтық экономикалық бағалау мен қаланы аумақтық дамыту негізінде әзірленген.
Қаланы дамытуға арналған аумақ Оңтүстік-Батыс бөлікте орналасқан және оның мынадай шекаралары бар:
1) батысынан С. Разин көшесімен өтеді (бұрынғы «Карбид» ӨБ пен Степан Разин көшесінің арасында орналасқан Батыс өнеркәсіп аймағының аумағын ескере отырып);
2) шығысынан қолданыстағы болат қалдық күлі үйінділері қоршауының шекарасымен және металлургиялық комбинаттың санитариялық-қорғалатын аймағының өзімен;
3) оңтүстігінен және оңтүстік-батысынан, дамытуды Алматы-Екатеринбург (РФ) республикалық магистралінің жүрдек трассасымен шектеу ұсынылады.
Жоспарлау құрылымының негізгі ережелері мынадай шарттар болып табылады:
1) қаланы дамыту мен салу Самарқанд су қоймасының сол жағалауында жалғасады. Бұл ретте 2001 жылдан бастап су қоймасының оң жағалауында ТМК-ны жоспардан тыс орналастыру және Ақтау қала үлгісіндегі кентте цемент зауытының қуаттылықтарын болжанып отырған арттыру ескеріледі;
2) қалалық аумақтарды айқын функционалдық аймақтандыру: тұрғын үй, еңбекті қолдану, демалыс орындары. Бұл ретте, ерекше назар қалалық жағалау аймағын реконструкциялауға және қалалық құрылыстың жалпықалалық объектілерімен қатар Самарқанд су қоймасының кеңістігіне нақты шығуға бөлінеді;
3) су қоймасына шыға және республикалық автомагистраль бойындағы трасса маңындағы аумақты белсенді игере отырып, қаланы өзара перпендикуляр құрылымдық осьтер - Бейбітшілік және Металлургтер даңғылдары бойымен серпінді дамыту. Әлеуметтік қаланың азқабатты секторын реконструкциялау жөніндегі жұмыстар;
4) қаланың жекелеген бөліктерінің арасында ыңғайлы көліктік магистральдар жүйесін ұйымдастыру жолымен қаланың функционалдық, құрылымдық және композициялық тұтастығының жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Бұл ретте Жұмақ түбегінің қаламен ең қысқа перспективалық байланыстарының, қаланың жағалау маңындағы ауданмен негізгі көліктік магистральдары жүйесінің болуы;
5) тұрғын ортасын ұтымды реконструкциялау және оңтайландыру жолымен Орталық ауданда қаланың барлық негізгі магистральдары бойынша сызықтық сауда мен қоғамдық сауда орталықтарының дамыған құрылымын құру;
6) қазіргі өнеркәсіптік аудандардың жобалануын ретке келтіру және өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағының резервтерін нақтылау;
7) табиғи ландшафтты пайдалану – қаланы қолданыстағы су қоймасының жағасына орналастыру. Қалаға дара мәнерлі кескін беру үшін – шоқылар мен төбелер топтары бар жергілікті жердің айқын білінетін рельефі;
8) есептік мерзімге қаланың орталық жоспарлы ауданы бойынша сапалы экологиялық параметрлерге қол жеткізе отырып, барлық қала ортасының санациясы проблемаларын шешу;
9) Қарағанды-Теміртау өнеркәсіп ауданының елді мекен аралық кеңістікте Жаңа Теміртау қаласын салу жөніндегі инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу;
10) көгалдандыру деңгейін 16 м2/адамға дейін жеткізе отырып, барлық қалалық қоныстану бойынша ауқымды көгалдандыру жұмыстарын жүргізу (68 га).
Сәулет-жоспарлау шешімінің негізіне су қоймасы жағасымен жалпықалалық дамыған кеңістіктік аймақты, жағалау жолағынан қаланың оңтүстік-батыс шекарасына дейін неғұрлым қолайлы қоныстану аймағын құра отырып, аумақты айқын функционалдық аймақтандыру қаланған.
Композициялық шешімді айқындаушы фактор қаланы Батыс және Шығыс аудандарды байланыстырған Бейбітшілік даңғылы бойынша негізгі ендік ось бойымен дамыту болды.
Қоныстану аймағы функционалдық, сол сияқты жоспарлау тұрғысында салыстырмалы түрде дербес маңызы бар бірнеше аудандарға бөлінеді. Алайда, Теміртаудың құрылымы су қоймасының жағасындағы бірыңғай сызықтық жалпықалалық орталығы бар бірыңғай ағза ретінде қалыптасады.
Жоспарлау құрылымында Теміртау қаласын Самарқанд кентінен бастап Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қаласына дейін дамытудың барлық ерекшеліктері бейнеленген.
Магистральдық желілер қолданыстағы тірек құрылыстарға бекітілген. Ол жалпы алғанда қаланы дамыту қажеттіліктерін қанағаттандырады және тек маңыздылығы аз жақсартулар мен толықтыруларды талап етеді.
Қалыптасқан тұрғын үй құрылымдары орталық ауданда халқы 10-20 мың тұрғынға дейін аумақ бойынша едәуір ірі деңгейге жетеді, өзінің қоғамдық орталықтары бар және қызмет көрсету желісінің жалпы жүйесіне магистральдармен және гүлзарлармен байланысқан.
Басым түрде тіктөртбұрышты тор бойынша шешілген магистральдардың құрылымы тұрғын аудандардың ендік магистральдар бойынша кәсіпорын аудандарымен, ал тұрғын аудандарды Самарқанд су қоймасының жағалауымен және осы аумақта орналасқан саябақтар мен жоспарланған аудан орталығының қоғамдық құрылыстарымен меридионалды бағыттар бойынша байланысын қамтамасыз етеді.
Ендік бағыттағы жалпықалалық маңызы бар негізгі магистральдар – Бейбітшілік даңғылы, Ленин, Амангелді даңғылы, айналма жол, меридионалды бағытта – Металлургтер даңғылы, С. Разин көшесі, Қарағанды шоссесі көшелері және металлургиялық комбинаттың батыс жағынан шығатын магистраль болып табылады.
Қазіргі қалада және, әсіресе, километрлік санитариялық-қорғалатын аймақтарда санитариялық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етудің мүмкін еместігін тани және сол уақытта ондағы күрделі ғимараттарда тұрғындардың анағұрлым бөлігінің болмай қоймайтын тұруын сезіне отырып, бас жоспардың жобасы қала құрылысында қалыптасқан салыстырмалы түрде үздік жағдайлар жасау үшін барлық мүмкіндіктерді көздейді. Қазіргі қаланың бөлігінде мынадай іс-шаралар қажет:
1) қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында заманауи технологияны және өнеркәсіптік шығарындыларды тазалауды барынша енгізу;
2) алдағы жылдардың өзінде өнеркәсіптік аймақтар аудандарына аса жақын жерлерде – шығыс ауданында, Әлеуметтік қалада, Ескі қалада көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салу;
3) өзіндік тозған күрделі емес ғимараттарды бұзу есебінен тұрғын үй қорын азайту және босаған учаскелерді көгалдандыру;
4) тіршілікті қамтамасыз ету нормаларын арттыру есебінен аудан тұрғындарының санын азайту (құрылыстың тығыздығын төмендету);
5) қала бойынша орта мөлшерге шаққанда бір тұрғынға арналған жасыл алқаптардың нормаларын ұлғайту және саябақтар мен гүлзарлардың көлемді жүйесін құру;
6) Ескі қаланың санитариялық жағдайы аса нашар тұрғын ауданын толық жою.
Қаланың шығыс ауданы мен Қарағанды қаласының Солтүстік тұрғын бөлігі арасындағы елді мекенаралық аумақта орналасқан Жаңа Теміртаудың қоныстану құрылысын жоспарлы ұйымдастыру тұрғын орамдар мен ықшам аудандардың қысқартылған модульдік тіктөртбұрыш торы бойынша І класстағы Алматы-Қарағанды-Астана-Екатеринбург жүрдек республикалық автомагистралі трассасының бойымен сауда-қоғамдық (2-3 қабаттыдан 4-5 қабатқа дейін) кешендерін сызықтық дамытумен басым түрде азқабатты тұрғын үй қорын құра және дамыта отырып шешіледі.
Жобада орталықты жоспарлы ұйымдастырудың нұсқасы ұсынылады:
бастысын жағалау аумағында (Республика және Металлургтер даңғылдарының қиылысындағы торапта) және Алматы-Астана автомагистралі жағынан бас кіреберіспен байланыстыратын кіші орталық ретінде жұмыс істеуі тиіс қаланың бас магистралі – Металлургтер даңғылы бойынша екіншісін – сызықтықты белгілей отырып, салыстырмалы түрде дербес екі орталықты қалыптастыру.
Жалпықалалық орталықтың жобалау ядросын, мамандандырылған орталықтарды енгізе және қаланы шығыс бағытында Қарағандыға қарай жаңа дамытудың бас бағытына біртіндеп қайта бағдарлай отырып, қоғамдық орталықтардың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.
Бас жоспарда Теміртау қаласының жалпықалалық орталығын есептік мерзімге су қоймасының жағалау маңындағы аймақтың бойын жағалай отырып, «теңіз маңындағы» гүлзарды, жағажайларды, жазғы және қысқы белсенді демалыс орындарын құра отырып, кеме аялдайтын орындармен, эллингтермен, яхта клубтарымен, аз тонналы су көліктерімен сызықтық кеңейту ұсынылады.
Аумағы жағынан (қазіргі 90 га орнына 155 га-ға дейін) едәуір дамыған бұл жалпықалалық орталық кеңістік бойынша километрлік көпір арқылы Жұмақ түбегі ауданында орналасқан демалу аймақтарымен тікелей байланыста болады және ең бастысы қала Орталығынан демалу аймағына көлікпен жету уақыты 10-12 минутқа қысқарады, бұл қалалықтардың жұмыс орындары үшін де 35 минуттан аспайтын 3.01-01-2002* «Қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері бойынша талап етілетіннен әлдеқайда тиімді.
Жалпықалалық орталық перспективада Металлургтер даңғылы бойындағы кіші орталықпен бірге есептік кезеңде жағалай 3 км-ге дейін, орталықтан көлденеңіне 2 км-ге дейін сызықтық параметрлері бар крест тәріздес учаскені бейнелейтін болады.
2. Сәулеттік-жоспарлық аудандастыру
Қоныстану аумақтарының жобалық құрылымы бірнеше тарихи қалыптасқан аудандардан қалыптасқан – Ескі қаланың оң жағалаудағы Занурск ауданымен, Әлеуметтік қаланың, Шығыс, Орталық және жаңа – Оңтүстік-Батыс ауданымен.
Орталық аудан Оңтүстік-Батыс ауданмен бірге Батыс және Шығыс өнеркәсіптік аймақтарына қатысты орталық орналасуды алып жатыр. Ол су қоймасының жағалау жолағына шығатын «қаланың бас қасбетін» қалыптастырады, ал оның жоспарлық ұйымдастырылуы қаланың орталық ұйымдастырылуына бағынышты.
Бұл құрылымның негізгі кемшіліктері – қалалық ортаның негізгі массасының батысынан және шығысынан өнеркәсіптік кәсіпорындардан зиянды шығарындылардың әсер ететін өнеркәсіптік аймақтармен қоршалуы.
Осы кемшіліктер органикалық болып табылады және оларды еңсеру қоршаған ортаны қорғауға қатысты өндіріс технологиясының сапасына байланысты.
Алдағы 10-15 жылда қаланы аумақтық дамыту үшін резервтегі перспективалық аймақ Оңтүстік-Батыс алаң (400 га) болып табылады.
3. Аумақты қорғау және қаланы орнықты дамытуды қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар
Теміртау қаласының орнықты жұмыс істеуін арттыру және халқын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсер етуінен қорғау мақсатында жобада мынадай қала құрылыстық іс-шаралар көзделеді:
1) Самарқанд су қоймасының жағалау жолағын шайып кету қауіптілігінің алдын алу үшін есептік мерзімде оның жағалауын нығайту көзделеді;
2) автожолдар топырағының шайылуы және судың іркілуі нәтижесінде қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында жобада Астана-Алматы (қаланың батыс бөлігінен) жаңа айналма трассасында, сол сияқты ҚарГРЭС-1 – «Теміртау» т/ж станциясының учаскесіндегі жұмысында автожолдардың қиылысу жерлерінде су өткізетін құрылыстарды салу көзделеді;
3) дренаж жүйесінің сенімді және тиімді жұмысы үшін жобада Теміртау қаласының су басып жатқан аумақтарын бақылау ұңғымаларының желісімен жабдықтау ұсынылады;
4) қауіпті аумақтарда құрылыс салуды болдырмау мақсатында сырғымалы және басқа да құбылыстар шекараларын анықтау, сондай-ақ аумақты қосымша пысықтау;
5) тік жоспарлау, аумақтың беткі қабатының белгіленуін арттыру, беткі қабаттағы суларды бұруды ұйымдастыру;
6) су басудан және ішінара су басудан қорғау;
7) суаттар мен су ағыстарының арналарын реттеу;
8) сырғымаларға қарсы іс-шаралар;
9) пайдалы қазбалар мен т.б. алу кезінде бүлінген аумақтарды қалпына келтіру.
8. Көліктік инфрақұрылымды дамыту
Бас жоспарда сыртқы (әуе, темір жол, автомобиль) көлік жүйесін және қалалық көше-жол желілерінің объектілері мен құрылыстарын реконструкциялау мен жаңадан салу, көліктік айрықтарды, көпірден өту жолдарын салу және қалалық көлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар көрініс тапқан.
Көліктік тасқындардың даму қарқынын есепке ала отырып, бас айналма магистральды ақылы және 1-кезектегі 4 жолақты қозғалыс ете отырып реконструкциялау (Осакаровка елді мекеніне дейін) жоспарлануда.
Теміртау қаласының Оңтүстік-Батыс ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша алдағы 12-15 жылда трасса жоспары жаңа тұрғын үй қорын салу кезінде де өзгермейді.
Теміртау қаласының Ақтау арқылы Павлодар бағытындағы, сондай-ақ Покорное кентінің ауданында Ақмола бағытында «Қарағанды (Петровка) - Қарқаралы - Аягөз» республикалық маңызы бар автожолына шығудағы көліктік жүктеме елеулі болмаса да артады.
Бұрын қаланың солтүстік бөлігі арқылы өтетін басты магистралдық жол халық тіршілігіне айтарлықтай ыңғайсыздықтар жасады, бірақ Алматы-Астана жүрдек айналма магистралін пайдалануға берумен бұл ахуал жойылды.
Қазіргі уақытта Қарағанды - Теміртау аймағына қалааралық және қала маңы қатынастағы автобустық бағыттар жақсы қызмет көрсетуде. Қолданыстағы облысаралық қатынастағы қалааралық автобустық бағыттар Алматы, Астана, Павлодар, Балқаш, Көкшетау қалаларына, Жақын шетелді қоса алғанда, Ресей Федерациясының бірқатар қалаларына бағыттар ұйымдастырылған.
Қала маңындағы бағыттар Қарағанды, Абай, Сораң, Шахан, Ақтау қала типтес кенті, Қарқаралы және облыстың басқа да қалалары мен елді мекендері арасында ұйымдастырылған.
9. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту
1. Сумен жабдықтау
Теміртау қаласының тұрғын үй құрылысын және өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен жабдықтау бірыңғай сумен жабдықтау жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оның негізгі көздері мыналар болып табылады:
«Жоғарғы бьеф» Сергиополь жер асты су бөгенінің және «Төменгі бьеф» жер асты су бөгенінің жер асты сулары. Қалада халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ ықшам аудандар ішіндегі кіріс жолдар мен жасыл алқаптарды суару үшін бірыңғай сумен жабдықтау жүйесі сақталуда.
Қаланы сумен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шараларды жүргізу қажет:
1) 1 000 мм Қарағанды-Теміртау ауданы су құбырының су өткізгішін қайта жаңғырту және жобалау, № 5 алаңда (Теміртау-2) әрқайсысы 10 000 м3 екі резервуардан және зарарсыздандыру құрылғылары бар ІІ көтеру сорғы станциясынан тұратын су өткізу құрылыстарын орната отырып, 1 000 мм су өткізгішінің екінші желісін салу;
2) «Опан» шоқысында орналасқан су құбыры құрылыстарының алаңында қолданыстағы 7 000 м3 және 10 000 м3 резервуарларын қайта жаңғыртуды жүргізу, сондай-ақ Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданның НЖЖ-да көзделген көлемі 10 000 м3 қосымша резервуарын салу, сондай-ақ қолданыстағы сорғы станциясынан қаланың осы ауданы бойынша су құбыры белдеуінің желісін салу.
Құрылыстың бірінші кезегінде бір резервуар мен жалпы ұзақтығы 92,8 км диаметрі 400-1500 мм су құбыры желілерін салу талап етіледі.
Толық дамытуға бір резервуарды, зарарсыздандыру блогы мен жалпы ұзақтығы 42,0 км диаметрі 225-1 000 мм су құбыры желілерін салу талап етіледі.
2. Кәріз
Теміртау қаласында тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін орталықтандырылған кәріз схемасы сақталуда.
Қала кәрізінің схемасы қолданыстағы болып қала беруде және жер рельефімен, кәріздену объектілерінің орналасуымен, сондай-ақ қолданыстағы және салынып жатқан коллекторларды есепке алу қажеттілігімен айқындалады.
Көпқабатты және азқабатты құрылыстағы тұрғын ғимараттардан тұрмыстық ағын сулардың үлестік орташа тәуліктік су бұру бір тұрғынға шаққанда 210 л-ге тең деп қабылданған.
N1 (Оңтүстік-Батыс аудан) алаңындағы, N5 (Теміртау-2) алаңындағы кәріздену объектілеріне тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық кәсіпорындар, қоғамдық орталықтар жатады.
Оңтүстік-Батыс ауданы жерінің және N5 (Теміртау-2) алаңындағы рельефтік жағдайлар бойынша 400-600 мм өзі ағатын коллекторлар жүйесімен тұрмыстық ағын сулардың кәріз сорғы станцияларының қабылдаушы резервуарларына түсуі жобалануда, олардан 700 мм қысымды коллекторлармен қаланың оңтүстік бөлігіндегі 1 500 мм бас коллекторына және одан әрі жобалық өнімділігі тәулігіне 247,2 м3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның толық биологиялық тазартудың кәріздік тазалау құрылыстарына түседі.
Толық биологиялық тазартудан, одан әрі тазарту мен зарарсыздандырудан кейін ПДК-ге дейін тазартылған су жыра жылғасы арқылы Чкалово кенті ауданындағы Нұра өзеніне жіберіледі.
Құрылыстың бірінші кезегіне 3 кәріздік сорғы станциясын (КСС), КТС-ты және жалпы ұзақтығы 66,0 км диаметрі 400-1 500 мм коллекторлар салу талап етіледі.
Толық дамытуға бір КСС пен жалпы ұзақтығы 26,5 км диаметрі 400-700 мм коллекторлар салу талап етіледі.
3. Жылумен жабдықтау
Қазіргі уақытта қаланы жылумен жабдықтау мынадай негізгі көздер базасында жүзеге асырылуда: «АМТ» ААҚ-ның ҚарГРЭС-1 және ЖЭО-2.
Жобалық ұсыныстарда жылу тұтынуды өтеу теңгерімдеріне жасалған талдау магистралдық су құбырларының диаметрін ұлғайта және тартқыш сорғы станцияларын қайта жаңғырта отырып, қолданыстағы жылу желілерін реконструкциялаған жағдайда қолданыстағы тұрғын үй қоры, қалалық ықшам аудандары бойынша құрылысты тығыздау және Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданын дамыту бойынша жылу тапшылығы байқалмайтын болады.
Теміртау-2 (N 5 алаңы) тұрғын үй қоры бойынша жылу жүктемелерін ЖЭО-3 арқылы өтеу көзделеді.
Жылутасығыш – Т1 – Т2 = 150 – 700С параметрлі ыстық су. Жылумен жабдықтау схемасы – жабық. Жылу жіберуді реттеу орталықтандырылған, сапалы ретінде қабылданған.
Теміртау - 2 ықшам аудандарын жылумен (жылу, желдету және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау) жабдықтауды жылу жүктемелерінің орталығында орналасатын орталық жылу пункттерінен (ОЖП) көздеу ұсынылады. ЖЭО-3-тің Теміртау - 2 жылу тұтынушыларынан шалғай орналасуына байланысты екі тартқыш сорғы станциясы мен жылу желілерін пайдаланудың орталықтандырылған қызметін құру қажеттігі туындайды.
ЖЭО-2-ден Теміртау қаласының Әлеуметтік қала, Орталық және Шығыс аудандарының қазіргі тұрғын үй қорының Ду 500 – Ду 1200, қайта жаңғыртуға және үлкен диаметрлі Ду 600 - Ду 1200 су құбырларына ауыстыруға жататын жылу желілерінің ұзақтығы 29,0 км-ді құрайды.
Жобаланатын жаңа тұрғын үй қорына арналған жобаланатын жылу желілерінің ұзақтығы мыналарды құрайды:
1) КарГРЭС-1-ден ескі қала - 1,5 км,
2) Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы - 21,4 км,
3) Теміртау-2 - 39,0 км
4. Электрмен жабдықтау
Теміртау қаласын электрмен жабдықтауды Қарағанды облысының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Кегок» энергия жүйесі және «ҚарағандыЖарық» компаниясы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Қарағанды энергия жүйесінің құрамындағы Теміртау энергия торабының тапшылығын «Екібастұз-Нұра-Ағадыр» ВЛ – 500 кВ-ге қосылған «Нұра» 500/200 кВ тірек қосалқы станциясы арқылы Солтүстік Қазақстанның ОЭС-і жоюда.
Жобалық ұсыныста қаланың болжанатын жүктемелер деңгейлерін өтеу үшін мыналарды салу көзделген:
1) «Отрадный» кентінің жүктемесін ескере отырып, Оңтүстік-Батыс ауданда 40000 кВА-дан екі трансформаторы, ашық бөліп тарату жабдығы (АҮҚ - 110 кВ) және жабық бөліп тарату жабдығы (КРУН - 10 кВ) бар 110/10 кВ төмендеткіш қосалқы станциясы;
2) Теміртау-2 тұрғын кешенінің жаңа алаңында 40000 кВА-дан екі трансформаторы, ашық бөліп тарату жабдығы (АҮҚ - 110 кВ) және жабық бөліп тарату жабдығы (КРУН - 10 кВ) бар 110/10 кВ төмендеткіш қосалқы станциясы;
3) N 2 алаңда қолданыстағы «Южная» қосалқы станциясының орнына қуаты 25 МВА-дан екі трансформаторы, ашық бөліп тарату жабдығы (АҮҚ - 110 кВ) және жабық бөліп тарату жабдығы (КРУН - 10 кВ) бар 110/10 кВ трансформаторлық төмендеткіш қосалқы станциясын салу ұсынылады. Трансформаторлардың қуаттылығы қолданыстағы жүктемелерді қосуды ескере отырып алынды;
4) қолданыстағы жүктемелер мен жағалау маңындағы жүктемелерді ескере отырып, жалпықалалық орталықтың қайта жаңғыртылатын объектілері үшін қолданыстағы өнеркәсіптік сорғының қасындағы алаңда қуаты 16 мВА-дан екі трансформаторы бар 110/10 кВ трансформаторлық төмендеткіш қосалқы станциясын салу ұсынылады.
«Батыс» және «Солтүстік» 110/10 кВ трансформаторлық қосалқы станцияларының орналасу аудандарындағы жүктемелердің артуына байланысты қуаты 25 МВА екі трансформаторы бар жаңа 110/10 кВ трансформаторлық қосалқы станцияларын салу ұсынылады.
5. Телефондандыру
Телекоммуникация қызметтерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрбіреуі 10 000 нөмірге арналған АТС «Alcatel1000 S12» жобалануы қажет.
АТЖ-дан ықшам аудандарға 960 нөмірден мультисервистік шкафтарды әрбір шкафын 1920 нөмірге дейін перспективалық кеңейте отырып, белдеуге байланыстыратын ВОЛС-ОК-20 талшықты-оптикалық желіні жүргізу қажет. Шкафтарды жалғайтын ВОЛС белдеуі Теміртау қаласының SDH белдеуіне қосылған.
Мультисервистік шкафтардан тұрғын үйлердің бөліп тарату шкафтарына дейін телефон кәбілдері ілмекті құрылғылары бар ККС-3 түріндегі кіші құдықтарды орната отырып, телефондық кәрізде жүргізілген. Кәріздегі кәбілдер диаметрі 110 мм полиэтилен құбырларға салынған. Мультисервистік шкафтарды қоректендіру жақын жерде орналасқан ТКС-тан 220 В кернеуде орындалған. Қоректендіретін желілер жерде (траншеяда) төселетін кәбілдерден тұрады.
10. Аумақты санитариялық тазарту
Теміртау қаласындағы тұрмыстық қалдықтар қаланың оңтүстік-батысында орналасқан қалалық жетілдірілмеген бақыланатын қоқыс төгу орнына шығарылады; осы жерде тұрмыстық қоқыс қоймаланады, жануарлардың өлекселері мен тамақ кәсіпорындарының қалдықтары кейіннен жабыла отырып, ашық траншеяларға көміледі.
Бас жоспарда жобалық ұсыныс ретінде Теміртау мен Қарағанды қалаларының арасындағы елді мекенаралық кеңістікте қоқыс өңдейтін зауытты орналастыру белгіленген. Бұл зауыттың қымбат тұратын жабдықтарын неғұрлым тиімді пайдалануға және оның қуатын перпективада миллион халқы бар мегаполис болатын облыстың 2 ірі қаласына ғана емес, сонымен қатар қала топтары мен Абай, Сораң, Шахтинск, Шахан және басқа да саттелит кенттерге қызмет көрсетуін ескере отырып оңтайландыруға мүмкіндік береді.
11. Аумақты инженерлік дайындау
Теміртау қаласын дамытудың бас жоспары аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан қорғау, сондай-ақ халық өмірінің санитариялық-гигиеналық және экономикалық жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін шешуді көздейді.
Табиғи жағдайларды зерделеу және аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестерден қорғау жөніндегі инженерлік желілер мен жүйелердің заманауи жағдайын талдау нәтижесінде бас жоспар жобасымен әзірленген аумақты инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) аумақты тігінен жоспарлау;
2) беткі қабат ағысын ұйымдастыру;
3) аумақты жер асты суларының басуынан қорғау;
4) жасыл көшеттерді суғаруды ұйымдастыру;
5) жағалауды нығайтулар.
12. Бас жоспарды іске асыру және мониторинг
Теміртау қаласының бас жоспарын іске асыруды және мониторингілеуді жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.
Бас жоспарды түзету әр 5 жыл сайын жүргізілуі мүмкін және алдағы есептік кезеңге бірінші кезектегі қала құрылыстық іс-шаралар бағдарламаларын қабылдаудан, ал қажет болған кезде Қарағанды облысы Теміртау қаласының қала құрылыстық дамуының негізгі бағыттарын түзетуден тұрады.
Теміртау қаласы бас жоспарының жобасы бойынша негізгі
техникалық-экономикалық көрсеткіштер
Р/с |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Қазіргі жай-күйі |
Құрылыстың 1-кезегі |
Есептік мерзім |
1. |
Аумақ |
||||
1) |
Қалалық сызбаның шегіндегі елді мекен жерлерінің ауданы, барлығы |
га |
29781,0 |
30003,6 |
43606,7 |
оның ішінде: |
|||||
Тұрғын үй және қоғамдық құрылыстар |
га |
1752,0 |
1804,0 |
2361,1 |
|
оның ішінде: |
|||||
үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар үй-жайлық және блокты құрылыстар |
га |
583,0 |
600,5 |
786,7 |
|
азқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылыстары |
га |
84,0 |
86,5 |
113,3 |
|
көпқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылыстары |
га |
875,0 |
901,2 |
1180,5 |
|
қоғамдық құрылыстар |
га |
210,0 |
214,2 |
280,6 |
|
Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыстар |
5017,0 |
5017,0 |
6572,2 |
||
оның ішінде: |
|||||
өнеркәсіптік құрылыс |
га |
3063,0 |
3063,0 |
4012,5 |
|
коммуналдық құрылыс |
га |
1374,0 |
1374,0 |
1799,9 |
|
қоймалық құрылыс |
га |
580,0 |
580,0 |
759,8 |
|
Көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар |
га |
532,0 |
532,0 |
696,9 |
|
магистралдық инженерлік желілер мен ғимараттар |
га |
200,0 |
200,0 |
262,0 |
|
байланыс |
га |
120,0 |
120,0 |
157,2 |
|
сыртқы көлік құрылыстары |
га |
212,0 |
212,0 |
277,7 |
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар |
га |
2650,0 |
2710,0 |
6265,0 |
|
оның ішінде: |
|||||
ормандар мен орман-бақтар |
га |
2650,0 |
2710,0 |
5346,0 |
|
Суаттар мен акваториялар |
га |
7600,0 |
7600,0 |
9956,0 |
|
оның ішінде: |
|||||
өзендер, табиғи және жасанды суаттар |
р/в |
1/1 |
1/1 |
1/1 |
|
су қорғайтын аймақтар |
га |
165,0 |
165,0 |
216,15 |
|
гидротехникалық құрылыстар |
тоған |
1 |
1 |
1 |
|
су шаруашылық құрылыстар |
су қоршаулары |
2 |
2 |
2 |
|
ауыл шаруашылық қолданысындағы |
га |
7780,0 |
7780,0 |
10191,8 |
|
оның ішінде: |
|||||
егістік жерлер |
га |
152,0 |
152,0 |
180,0 |
|
бақшалар мен жүзімдіктер |
га |
2000,0 |
2000,0 |
5005,9 |
|
пішен шабыстары, жайылымдар |
3480,0 |
3480,0 |
5005,9 |
||
жалпы пайдаланылатын |
га |
1150,0 |
1150,0 |
1506,5 |
|
оның ішінде: |
|||||
көшелер, жолдар, өтетін жерлер |
га |
394,0 |
394,0 |
516,1 |
|
суаттар, жағажайлар, жағалаулар |
га |
600,0 |
600,0 |
786,0 |
|
бақтар, гүл бақтары, гүлзарлар |
га |
96,0 |
96,0 |
125,8 |
|
жалпы пайдаланылатын басқа да аумақтық объектілер |
га |
60,0 |
60,0 |
78,6 |
|
Резервтегі |
га |
3300,0 |
3410,6 |
6057,2 |
|
оның ішінде: |
|||||
қоныстандыру аумақтарын дамыту үшін |
га |
2250,0 |
2300,0 |
3013,0 |
|
өнеркәсіп-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін |
га |
250,0 |
300,6 |
524,0 |
|
рекреациялық және өзге де аумақтарды ұйымдастыру үшін |
га |
800,0 |
810,0 |
2520,2 |
|
2. |
Халық |
||||
1) |
Тәуелді елді мекендерді ескере отырып елді мекендердің саны, барлығы |
мың адам |
171,9 |
195,3 |
256,0 |
2) |
Халықтың тығыздығы, оның ішінде: |
||||
Қоныстандыру аумағының шегінде |
адам/га |
81,0 |
61,0 |
57,0 |
|
Қалалық құрылыс аумағының шегінде |
адам/га |
5,8 |
5,8 |
6,0 |
|
3) |
Халықтың жас ерекшелік құрылымы, оның ішінде: |
||||
15 жасқа дейінгі балалар |
мың адам |
30,731 |
38,631 |
44,03 |
|
еңбекке қабілетті жастағы халық |
мың адам |
114,693 |
121,37 |
163,32 |
|
(16-62 жастағы ерлер, 16-57 жастағы әйелдер) |
мың адам |
55,701 |
- |
- |
|
еңбекке қабілетті жастан үлкен халық |
мың адам |
26,520 |
35,293 |
48,640 |
|
4) |
Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы |
бірлік |
60917 |
84110 |
94220 |
оның ішінде: |
|||||
отбасылар саны |
бірлік |
51598 |
74110 |
80640 |
|
жалғызбасты тұрғындар саны |
бірлік |
9319 |
10000 |
14080 |
|
2.5 |
Еңбек ресурстары, барлығы |
мың адам |
143,74 |
166,2 |
217,8 |
оның ішінде: |
|||||
экономикалық белсенді халық, барлығы |
мың адам |
93,873 |
108,5 |
142,2 |
|
экономика салаларында жұмыс істейтіндер |
мың адам |
61,01 |
70,9 |
92,9 |
|
Өз бетімен жұмыс істейтін халық |
мың адам |
29,37 |
34,0 |
44,5 |
|
жұмыссыздар |
мың адам |
3,495 |
3,6 |
4,8 |
|
Экономикалық белсенді емес халық |
мың адам |
49,865 |
57,7 |
75,6 |
|
3. |
Тұрғын үй құрылысы |
||||
1) |
Тұрғын үй қоры, барлығы |
жалпы ауд. мың м2 |
3535,4 |
4458,5 |
5650,0 |
оның ішінде: |
|||||
мемлекеттік қор |
мың м2 |
489,6 |
395,4 |
395,4 |
|
жеке меншікте |
мың м2 |
3045,8 |
4063,1 |
5254,6 |
|
2) |
Жалпы қордан: |
||||
көппәтерлі үйлерде |
мың м2 |
3276,0 |
4063,1 |
5254,6 |
|
үй-жайлық типтегі үйлерде |
мың м2 |
277,5 |
395,4 |
395,4 |
|
3) |
Тозуы 70 %-дан асатын тұрғын үй қоры, барлығы |
мың м2 |
70,0 |
30,0 |
10,0 |
4) |
Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы |
жалпы ауд. мың м2 |
3535,4 |
4458,5 |
5650,0 |
5) |
Тұрғын үй қорын қабат бойынша бөлу |
||||
оның ішінде: |
|||||
азқабатты |
жалпы ауд. мың м2 |
561,4 |
937,8 |
1189,4 |
|
ортақабатты (4-5 қабатты) |
жалпы ауд. мың м2 |
312,3 |
671,9 |
856,0 |
|
көпқабатты |
жалпы ауд. мың м2 |
2661,7 |
2849,2 |
3604,6 |
|
6) |
Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы |
жалпы ауд. мың м2 |
- |
923,5 |
1325,7 |
оның ішінде: |
|||||
азқабатты |
жалпы ауд. мың м2 |
- |
376,4 |
628,0 |
|
оның ішінде: |
|||||
үй жанындағы жер учаскесі бар үй-жайлық (коттедж типіндегі) |
жалпы ауд. мың м2 |
- |
77,9 |
130,8 |
|
жер учаскесімен бірге блокты |
жалпы ауд. мың м2 |
- |
58,5 |
98,1 |
|
жер телімі жоқ 1-3 қабатты |
мың м2 жалп. ауд. |
- |
240,0 |
402,5 |
|
ортақабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі |
жалпы ауд.мың м2 |
- |
359,6 |
459,3 |
|
Көпқабатты көппәтерлі |
жалпы ауд.мың м2 |
- |
187,5 |
238,4 |
|
7) |
Жылына жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданын енгізу орта есеппен |
мың м2 |
- |
40-50 |
70-75 |
8) |
Халықтың пәтерлер жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілгендігі |
м2/адам |
16,6 |
23,0 |
23,0 |
4. |
Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері |
||||
1) |
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы |
орын |
4085 |
7778 |
20480 |
қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
30 |
100 |
100 |
|
1000 тұрғынға |
орын |
23 |
70 |
70 |
|
жаңа құрылыс |
орын |
- |
1938 |
16395 |
|
2) |
Жалпы білім беру мекемелері, барлығы |
орын |
19698 |
27085 |
40960 |
қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
71 |
100 |
100 |
|
1000 адамға |
орын |
114 |
160 |
160 |
|
жаңа құрылыс |
орын |
- |
3877 |
21262 |
|
3) |
Ауруханалар, барлығы |
төсек |
830 |
1030 |
2242 |
4) |
Емханалар, барлығы |
ауысымына келіп-кету |
2079 |
3079 |
3079 |
5) |
Дене шынықтыру-спорттық құрылыстар – барлығы |
га |
1716,0 |
13671,0 |
20480,0 |
6) |
Көріністік-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме залдары және т.с.с.), барлығы |
м2 |
12504,0 |
12504,0 |
15360,0 |
7) |
Сауда кәсіпорындары, барлығы |
сауда ауд. м2 |
1427,55 |
54684,0 |
71680,0 |
8) |
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы |
отыратын орын |
12400 |
12400 |
13000 |
9) |
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы |
жұмыс орындары |
850 |
1757 |
2304 |
10) |
Өрт депосы |
деполарының саны/8 шығу |
2 |
12 |
15 |
5. |
Көліктік қамтамасыз ету |
||||
1) |
Жолаушылар қоғамдық көлігі желілерінің ұзақтығы, барлығы |
км |
6779,0 |
6779,0 |
7795,0 |
оның ішінде: |
|||||
электрлендірілген темір жол |
екі еселік жол км |
8 |
8 |
18 |
|
трамвай |
екі еселік жол км |
48,1(1 п) |
0 |
0 |
|
троллейбус |
екі еселік жол км |
- |
- |
18 |
|
2) |
Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзақтығы, барлығы |
км |
445,0 |
454,5 |
698,0 |
3) |
Көше-жол желісінің тығыздығы |
км/км2 |
- |
2,2 |
2,4 |
6. |
Инженерлік жабдықтар |
||||
1) |
Сумен жабдықтау: |
||||
Жиынтық тұтыну, барлығы |
мың т3/тәул. |
188,42 |
215,9 |
260,0 |
|
оның ішінде: |
|||||
шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне |
мың т3/тәул. |
46,425 |
54,879 |
77,936 |
|
өндірістік қажеттілікке |
мың т3/тәул. |
142,0 |
161,12 |
188,064 |
|
Қолданыстағы сумен жабдықтау көздері: |
|||||
Жер асты су қоршаулары |
мың т3/тәул. |
43,44 |
49,10 |
49,10 |
|
Сыртқы көздерден су қоршауы |
мың т3/тәул. |
144,985 |
160,90 |
210,9 |
|
Жер асты суларының бекітілген қорлары (14.03.2003 ж. ҚР ГКЗ 215-03-4 25 жыл пайдалануға арналған) |
мың т3/тәул |
49,10 |
49,10 |
49,10 |
|
Тәулігіне 1 адамға орта есеппен су пайдалану |
л/тәул. |
250 |
260 |
260 |
|
оның ішінде: |
|||||
шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне |
л/тәул. |
200 |
210 |
210 |
|
желілердің ұзақтығы |
км |
210,0 |
252,5 |
315,0 |
|
2) |
Кәріз: |
||||
Ағынды сулардың жалпы түсімі, барлығы |
мың т3/тәул. |
179,828 |
206,235 |
244,20 |
|
оның ішінде: |
|||||
тұрмыстық кәріз |
мың т3/тәул. |
37,828 |
45,115 |
59,136 |
|
өндірістік кәріз |
мың т3/тәул |
142,0 |
161,12 |
188,064 |
|
Кәріздік тазалағыш құрылыстардың өнімділігі |
мың т3/тәул. |
179,828 |
206,235 |
247,20 |
|
Желілердің ұзақтығы |
км |
240,0 |
246,25 |
360,0 |
|
3) |
Электрмен жабдықтау |
||||
Электр қуатын жалпы тұтыну |
кВт. сағ/жыл |
162 450 000 |
179 550 000 |
216 000 000 |
|
оның ішінде: |
|||||
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
64 980 000 |
71 820 000 |
86 400 000 |
||
тұрғын үй қорына |
97 470 000 |
107 730 000 |
129 600 000 |
||
Жылына 1 адамға орта есеппен электр тұтыну |
кВт. сағ/жыл |
- |
2571 |
2571 |
|
оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
1030 |
1030 |
|||
Жүктемелерді жабу көздері, оның ішінде |
МВт |
60,1 |
66,5 |
80,0 |
|
ЖЭО |
МВт |
30,1 |
36,0 |
40,0 |
|
Суэлектрстанциясы |
МВт |
- |
- |
- |
|
Біріктірілген энергия желісі |
МВт |
30,0 |
30,5 |
40,0 |
|
10 кВ желілердің ұзақтығы |
км |
200,0 |
400,0 |
600,0 |
|
4) |
Жылумен қамтамасыз ету |
||||
Орталықтандырылған көздердің қуаттылығы, барлығы |
МВт |
551,3 |
648,3 |
1016,0 |
|
оның ішінде ЖЭО-2 |
МВт |
535,0 |
627,23 |
742,7 |
|
ЖЭО-3 |
МВт |
- |
- |
244,2 |
|
ҚарГРЭС – 1 |
МВт |
16,3 |
21,07 |
29,01 |
|
Жылытуға арналған тұтыну, барлығы |
МВт |
438,5 |
542,67 |
825,0 |
|
оның ішінде: ком.–тұрмыстық қажеттіліктерге |
МВт |
438,5 |
542,67 |
825,0 |
|
Ыстық сумен қамтамасыз етуді тұтынуы, барлығы |
МВт |
112,8 |
137,1 |
190,9 |
|
оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
МВт |
112,8 |
137,1 |
190,9 |
|
Өндірістік қажеттіліктерге |
МВт |
- |
- |
- |
|
Желілердің ұзақтығы |
км |
212,5 |
235,4 |
274,4 |
|
5) |
Байланыс |
||||
Халықты телевизиялық хабар таратумен қамту |
% халық |
100 |
100 |
100 |
|
Халықтың жалпы қолданылатын телефон желісімен қамтамасыз етілгендігі |
100 отбасына шаққанда нөмірлер |
100 |
100 |
100 |
|
7. |
Аумақты инженерлік дайындау |
||||
Нөсер кәрізінің жалпы ұзақтығы |
км |
4,6 |
31,3 |
59,3 |
|
Ауданы |
га |
450,0 |
450,0 |
450,0 |
|
Қорғау құрылыстарының ұзақтығы |
км |
- |
- |
3,0 |
|
Жағалауды нығайту |
км |
- |
- |
3,0 |
|
8. |
Халыққа жоралық қызмет көрсету |
||||
1) |
Зираттардың жалпы саны |
га |
12/3 |
12/3 |
200/4 |
9. |
Қоршаған ортаны қорғау |
||||
1) |
Атмосфералық ауаға зиянды заттарды шығару көлемі |
мың т/жыл |
356 |
210 |
150 |
2) |
Бұзылған аумақтарды қалпына келтіру |
га |
2250,0 |
562,5 |
112,5 |
3) |
Санитариялық қорғалатын аймақтарда тұратын халық |
мың тұрғын |
17,3 |
17,3 |
17,3 |
4) |
Аумақты санитариялық тазарту |
га |
29603,6 |
30003,6 |
43607,6 |
5) |
Тұрмыстық қалдықтардың көлемі |
мың т3/жыл |
263,3 |
300,3 |
394,2 |
6) |
Қоқыс өңдейтін зауыттар |
бірлік |
- |
- |
1 |
7) |
Жетілдірілген қоқыс төгу орындары (полигондар) |
га |
1/11,2 |
1/11,2 |
1/20 |
8) |
Қоқыс төгу орындарының жалпы ауданы |
га |
9,6 |
9,6 |
0 |