Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 666 қаулысы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 666 қаулысына  
қосымша       

2013 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке
шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны

Р/с

Әскери-есептік мамандық

Саны

Офицер

1.

Танк әскерлері

10

2.

Артиллерияшы

70

3.

Байланыс

26

4.

Медициналық қызмет

91

5.

Химиялық әскерлер

6

6.

Зымыран-артиллериялық қару-жарақ

10

7.

Әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс

10

8.

Заңгер

1

9.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

100

БАРЛЫҒЫ


324

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады