"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қадағалау агенттігі (Қазтұтынуқадағалау) туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 686 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қадағалау агенттігі (Қазтұтынуқадағалау) туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қадағалау агенттігі (Қазтұтынуқадағалау) туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тұтынушылардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке, отбасылық, үй шаруасы және өзге де мұқтажына арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды, бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қадағалау агенттігін (Қазтұтынуқадағалау) (бұдан әрі -Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылып, оған:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - тағам өнімдерінің оны өткізу сатысында қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына тағам өнімдерінің сәйкестігін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ тұтынушылардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке, отбасылық, үй шаруасы және өзге де мұқтажы үшін ғана өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен - көліктік қызмет көрсетулерді тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінен — табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтардың субъектілері көрсететін қызметтердің сапасы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
      5) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.
      2. Агенттікке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке, отбасылық, үй шаруасы және өзге де қажеттіліктер үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздікті бақылау жөніндегі функция берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетін (бұдан әрі - Комитет) таратсын;
      2) таратылатын Комитеттің және жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) Агенттік таратылатын Комитеттің құқықтары мен міндеттері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін;
      4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қадағалау агенттігі (Қазтұтынуқадағалау)».
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады