«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2013 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 34546,10 теңге (отыз төрт мың бес жүз қырық алты теңге он тиын) мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов