"Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 702 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке Қазақстан Республикасының атынан Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

      Қазақстан Республикасы
      Президентінің   
      2013 жылғы « »  
      № Жарлығымен   
      МАҚҰЛДАНҒАН    

      Жоба

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар және олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
      сауда байланыстарының дамуына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
      Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      1961 жылғы 30 наурыздағы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияда, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияда, 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында көзделген халықаралық міндеттемелерді өздерінің орындау қағидаттарын ұстанатындықтарын растай отырып,
      Тараптардың ұлттық мүдделері мен міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады: «есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары» - Тараптардың осындай құралдар мен заттардың ұлттық тізбесіне енгізілген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары;
      «өткізу» — есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына әкелу (әкету);
      «тасымалдау (ішкі транзит)» - есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына үшінші Тараптың аумағы арқылы әкелу (әкету), сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Тарап аумағының бір бөлігінен басқа бөлігіне басқа Тараптың аумағы арқылы әкелу (әкету);
      «рұқсат ету құжаты» - есірткі құралдардың, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына өткізу құқығын растайтын құжат;
      «құзыретті орган» - Тараптың рұқсат ету құжаттарын беруге уәкілетті органы.
      Осы Келісімде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер 1961 жылғы 30 наурыздағы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

2-бап

      Осы Келісім:
      Тараптардың арасында сауданы жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар клиникалық зерттеулер, сараптамалар, мемлекеттік тіркеу және сапасына бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ жекелеген көлік түрлеріндегі алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишаларында;
      жеке тұлғалардың жеке өзіне пайдалануы үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізу және тасымалдау (ішкі транзит) тәртібін белгілейді.

3-бап

      Осы Келісімнің әрекеті заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген жеке тұлғаларға өткізуді, сондай-ақ тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Заңды тұлғалар Тараптардың құзыретті органдары беретін, мынадай мәліметтерді:
      есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың атауын;
      егер бар болса, есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың халықаралық тіркелмеген атауын;
      өткізілуге жататын есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың мөлшерін;
      есірткі құралын, психотроптық затты немесе прекурсорды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан мекенжайын және (немесе) заңды мекенжайын;
      мекенжайына есірткі, психотроптық затты немесе прекурсорды өткізу жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауын және оның орналасқан мекенжайын және (немесе) заңды мекенжайын;
      рұқсат ету құжатының қолданылу мерзімін қамтитын әкелуге (әкетуге) арналған рұқсат ету құжаттары болған кезде өткізуді жүзеге асырады.
      Жеке тұлғалар Тараптардың заңнамасында айқындалған көлемде, жеке өзінің пайдалануына (коммерциялық емес мақсаттарда) арналған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың атауы мен саны көрсетілуге тиіс, растайтын медициналық құжаттар болған жағдайда медициналық көрсетпелер бойынша жеке өзіне қолдануына арналған дәрілік заттар түріндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының шектеулі мөлшерін өткізуді және тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асырады.
      Растайтын медициналық құжаттар не олардың куәландырылған көшірмелері аумағына көрсетілген дәрілік заттарды өткізу немесе тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тарап тілінде толтырылады не олардың көрсетілген Тарап тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі.
      Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін немесе шұғыл жағдайларда, тиісті көлік құралдарын тіркеу мемлекетінің заңнамасында айқындалған бақылау шараларын қолдана отырып, Тараптардың заңнамасында айқындалған шектеулі мөлшерде осы бапта көзделген рұқсат беру құжаттарынсыз алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишаларында:
      теңіз (өзен) кемелерінде және халықаралық қатынастағы әуе кемелерінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын;
      халықаралық қатынастағы темір жол және автомобиль көлігінде де психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тасымалдауға рұқсат етіледі.

4-бап

      Құзыретті органдардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге рұқсат ету құжаттарын беру тәртібі аумағында өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға тіркелген Тараптың заңнамасында айқындалады.
      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкетуге рұқсат ету құжаттары, егер әкелінетін Тараптың заңнамасында осындай рұқсат ету құжаттарын беру көзделсе, онда аумағына есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары әкелінетін Тараптың құзыретті органдары берген әкелуге рұқсат ету құжаттары бар болған кезде беріледі.

5-бап

      Заңды тұлғалар есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдауды (ішкі транзит) Тараптардың құзыретті органдары беретін, осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат беру құжаттары тауарға ілеспе құжаттар жиынтығында не көрсетілген рұқсат ету құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері болған кезде жүзеге асырады.
      Егер нақты тасымалданатын есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына көрсетілген рұқсат ету құжаттарын беру әкетілетін Тараптың заңнамасында көзделмесе, онда мұндай тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыруды жоспарлайтын заңды тұлға оның басталу күніне дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің құзыретті органына мынадай мәліметтер:
      атауы мен орналасқан жері және (немесе) заңды мекенжайы;
      тасымалданатын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы мен саны;
      тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің болжамды күні мен орны;
      аумағы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың атауы;
      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері және (немесе) заңды мекенжайы қамтылған жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
      Заңды тұлға өз мемлекетінің құзыретті органына осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны тапсырылғаны туралы хабарлама берілген тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жібереді немесе осындай хабарламаны оның алыну фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
      Хабарламаның нотариат куәландырылған, осы баптың екінші абзацында көзделген көшірмесі тауарға ілеспе құжаттар жиынтығында заңды тұлғада болуға тиіс.
      Аумағынан есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органы осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны алған немесе осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат ету құжатын берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына оның көшірмесін жібереді.

6-бап

      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Тарап аумағының бір бөлігінен оның басқа бөлігіне басқа Тараптың аумағы арқылы тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыру үшін осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат ету құжаттарын алу талап етілмейді.
      Заңды тұлғалар көрсетілген тасымалдауды (ішкі транзит) аумағынан және аумағына тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органының мекенжайына тасымалдау (ішкі транзит) басталған күнге дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберетін және мынадай мәліметтерді:
      тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін және (немесе) заңды мекенжайын;
      тасымалданатын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы мен санын;
      тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыратын көлік түрін;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп өтудің болжамды күні мен орнын;
      аумағы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың атауын;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауын, оның орналасқан жерін және (немесе) заңды мекенжайын қамтитын нотариат куәландырған жазбаша хабарлама болған кезде жүзеге асырады.
      Аумағынан және аумағына тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органы осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оның көшірмесін аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына жібереді. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың ұлттық тізбесіне енгізілмеген жағдайда осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны жолдау талап етілмейді.
      Заңды тұлға өз мемлекетінің құзыретті органына осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны тапсырылғаны туралы хабарлама берілетін тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жібереді немесе осындай хабарламаның алынуы фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.

7-бап

      Егер рұқсат ету құжаттары не хабарлама аумағына өткізу немесе аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тарап тілінен айырмашылығы бар тілде жасалса, онда заңды тұлға мұндай қүжаттарға не олардың расталған көшірмелеріне көрсетілген Тараптың тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын қоса беруге тиіс.

8-бап

      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізуді немесе тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асырған заңды тұлға осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, оны берген құзыретті органға:
      рұқсат ету құжатының нөмірі мен берілген күні;
      әкелінген (әкетілген) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы және нақты саны;
      оларды өткізу немесе тасымалдау (ішкі транзит) үшін пайдаланылған көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп өтетін күні мен орны;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу және тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған заңды тұлғаның атауы мен оның заңды мекенжайы көрсетілген мәліметтерді жібереді.
      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізуді (ішкі транзит) жүзеге асырған заңды тұлға осы Келісімнің 5-бабының екінші абзацында көзделген хабарламаның көшірмесі болған кезде осындай тасымалдау жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей өзінің құзыретті органына:
      хабарламаның нөмірі мен күні;
      әкелінген (әкетілген) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы және нақты саны;
      оларды тасымалдау (ішкі транзит) үшін пайдаланылған көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп өтетін күн мен орны;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған заңды тұлғаның атауы мен оның заңды мекенжайы көрсетілген мәліметтерді жібереді.
      Құзыретті органдар осы бапта көзделген мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды аумағына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу жүзеге асырылған  Тараптардың құзыретті органдарына, сондай-ақ аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған Тараптың құзыретті органына жібереді.
      Құзыретті органдар әкелуге (әкетуге) арналған рұқсат ету құжаттарын ресімдеген (күшін жойған) күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олардың көшірмелерін немесе көрсетілген рұқсат ету құжаттарының ресімделгенін (жойылғанын) растайтын құжаттардың көшірмелерін аумағына (аумағынан) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу жүзеге асырылатын Тараптардың құзыретті органдарына, сондай-ақ аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына жібереді.

9-бап

      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әрбір Тарап басқа Тараптарға және Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Келісімде көзделген ақпарат алмасуды және заңды тұлғалардан хабарламалар алуды жүзеге асыратын құзыретті орган туралы хабарлайды.
      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде құзыретті органдар Еуразиялық экономикалық комиссияға оның ресми сайтына орналастыру үшін:
      есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының ұлттық тізбелер;
      жеке тұлғаларға жеке өзіне пайдалану үшін өткізуге (коммерциялық емес мақсаттарда) рұқсат етілген, Тараптардың заңнамасында белгіленген прекурсорлардың атаулар мен көлемі көрсетілген құжатты жібереді.
      Көрсетілген ұлттық тізбелерге өзгерістер енгізілген кезде құзыретті органдар өзгерістер енгізілген күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті ақпаратты жібереді.
      Еуразиялық экономикалық комиссия құзыретті органдар табыс еткен  мәліметтер негізінде 5 жұмыс күні ішінде Тараптардың көрсетілген ұлттық тізбелеріне өзекті сипат береді.

10-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер дауды Тараптар келіссөздер жүргізу туралы Тараптардың бірінің басқа Тарапқа жолдаған ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде реттемесе, онда дау Тараптарының кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарау үшін береді.

11-бап

      Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

12-бап

      Осы Келісім депозитарий осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн еткен соң күшіне енеді.

      _____ жылғы «___» ______ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, Тараптардың әрқайсысына расталған көшірмесін жібереді.

  Беларусь                    Қазақстан                 Ресей
Республикасы                 Республикасы             Федерациясы
    үшін                        үшін                    үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады