"Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 709 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiне ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе:
      1. Түстiк-графикалық бояу, айырым белгiлерi, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдарын орнату Қазақстан Республикасының стандартымен регламенттеледi.
      2. Президент Күзет қызметiнің, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Республикалық ұланның жедел қызметтерi көлік құралдарының арнаулы түстiк-графикалық бояулары, айырым белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады