«Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің
жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет
көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10
шілдедегі № 711 қаулысына баспасөз-релизі
«Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 711 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 33) тармақшасына және 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мэселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө Өкімін іске асыру мақсатында эзірленген.
Қаулының мақсаты электр станцияларының, жылу жэне электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді жэне оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту болып табылады. Қағида энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді жэне оларды жөндеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі