«Энергетикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 714
қаулысына баспасөз-релизі
«Энергетикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 714 қаулысы (бұдан әрі -Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 12) тармақшасына және 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө Өкімін іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулының мақсаты энергетикалық сараптама жүргізуді бекіту болып табылады. Қағида энергетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі