"2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 Жарлығынa өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 724 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы № 208 Жарлығынa өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін
тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және
оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 Жарлығына өзгеріс енгізу
туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға
арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды
жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 18-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2-бап

      Осы Хаттаманың қолданысы осы Хаттамаға қосымшаның 3-тармағын, 8-тармағының 8.1) тармақшасының үшінші-жетінші абзацтарын, 13-тармағының 13.1) тармақшасының бесінші абзацын, 15-тармағының 15.2) тармақшасының үшінші-бесінші абзацтарын, 15-тармағының 15.4) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күнінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

3-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2011 жылғы _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

         Беларусь                 Қазақстан                  Ресей
      Республикасы              Республикасы              Федерациясы
          үшін                      үшін                     үшін

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған 
тауарларды Кеден одағының кедендік     
шекарасы арқылы өткізу және оларды     
шығаруға байланысты кедендік операцияларды 
жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға    
қосымша                   

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден
одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға
байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар

      1. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) атауында және барлық мәтіні бойынша «кеден одағының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне» деген сөздер «Кеден одағы бірыңғай кедендік аумағының (бұдан әрі – Кеден одағының кедендік аумағы) қалған бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «КО СЭҚ ТН 8703 тауарлық позициясында жіктелетін квадроциклдер және қарда жүретін техникалар;».
      4. 5-бапта:
      4.1. 1-тармақта:
      2) тармақша «төлегенге» деген сөзден кейін «(өндіріп алғанға)» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      4.2. 3-тармақта:
      үшінші абзацтағы «кедендік бақылауға жатпайтын тауар мәртебесін алады» деген сөздер «кедендік бақылауда деп есептелмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын.
      5. 10-бапта:
      1-тармақтың алтыншы абзацы «- жеке тұлға» деген сөздерден кейін «кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде келу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы Келісімге сәйкес еркін айналымға шығарылған, осы Келісімнің 17-бабының 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар Кеден одағының тауарлары болып есептеледі.».
      6. 11-баптың 2-тармағының екінші абзацы «өңірінде» деген сөзден кейін «көлік құралын» деген сөздермен толықтырылсын, «асырады» деген сөз «асырылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органы декларант мәлімдеген мәліметтердің негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді. Кедендік төлемдерді есептеу үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және дұрыс мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.».
      8. 14-бапта:
      8.1. 6-тармақта:
      2) тармақша «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары:
      шетелдік жеке тұлға кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелген шет мемлекеттің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - тұлғаның уақытша болу мерзімі аяқталуы, бірақ уақытша болу мақсатында шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелген шет мемлекеттің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты – уақытша болу мақсатында шығарған күннен бастап алты ай өтуі бойынша әкетілмеуіне байланысты Кеден одағының кедендік аумағында болған кезде,
      – уақытша әкелудің көрсетілген мерзімдерінің аяқталатын күні саналады.»;
      8.2. 7-тармақтағы «сомаларына» деген сөз «сомасына» деген сөзбен ауыстырылсын, «тиіс болатын,» деген сөздерден кейін «оған сәйкес көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
      8.3. 8-тармақта:
      екінші бөлігінде «сомаларына» деген сөз «сомасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші және бесінші бөліктерде «2) тармақшасының үшінші абзацына» деген сөздер «2) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 15-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын.
      10. 16-баптың 1-тармағының үшінші абзацы «кеден одағына» деген сөздердің алдынан «Кеден одағына мүше мемлекеттердің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде және (немесе) консулдық мекемелерінде Кеден одағы кедендік аумағынан тыс орналасқан шетелдегі, халықаралық мемлекетаралық және (немесе) үкіметаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін көлік құралдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      11. 17-бапта:
      11.1. 3-тармақтағы «3-» деген цифр «4 және» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      11.2. 8-тармақтың бірінші бөлігі «қоспағанда,» деген сөзден кейін «оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасымен пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулер белгіленбеген,» деген сөздермен толықтырылсын.
      12. Келісімге 1-қосымшада көрсетілген Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың тізбесінде:
      2-тармақтағы «астам» деген сөз «аспайтын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «су кемелеріне арналған қозғалтқыштарды» деген сөздер «ілмелік қайық моторларын» деген сөздермен ауыстырылсын, «8407» деген цифрлардан кейін «, 8408» деген цифрлармен толықтырылсын.
      13. Келісімге 2-қосымшада:
      13.1. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлар тізбесінің 1-бөлімінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1.8) тармақшамен толықтырылсын:
      «1.8. 18 жасқа толмаған жеке тұлғалар әкелген және (немесе) әкеткен кезде «алкоголь өнімі, этил спирті және сыра, темекі және темекі өнімдері;»;
      3-тармақтың 3.4) тармақшасындағы «және алкоголь өнімі» деген сөздер «, алкоголь өнімі, сыра» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 4.3) тармақшасында «азаматтық және қызметтік қару бұйымдарымен құрылымдық ұқсас қарудың (оның бөлшектерінің) кез келген түрі, оған патрондар (оның бөлшектері) деген сөздер «қарудың кез келген түрі (олардың бөлшектері), оған патрондар (олардың бөлшектері), азаматтық және қызметтік қарумен құрылымдық ұқсас бұйымдар (олардың бөлшектері) деген сөздермен ауыстырылсын;
      13.2. «Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы аумақтан әкетуге шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі» деген II бөлімнің 1-тармағы «кеден одағының» деген сөздердің алдынан «алып жүретін багажда өткізілетіндерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      14. Келісімге 3-қосымшада:
      14.1. І бөлімде:
      1-тармақ «этил спиртін» деген сөздерден кейін «және бөлінбейтін тауарларды» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «тұлғалар» деген сөзден кейін «(осы бөлімнің 91-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      үшінші абзацтағы «не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін»;
      5-тармақтағы «шет ел мекемесінде» деген сөздер «дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екінші бөлігіндегі «тармақшаны» деген сөз «тармақты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 91-тармақпен толықтырылсын:

      «

91.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекетте жұмысқа рұқсат алған шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін, жеке пайдалануға арналған, қолданыста болған тауарлар**

құны мен салмағына қарамастан

                                                                   »;

      14.2. V бөлімде:
      23-тармақ «Шет мемлекеттің аумағында тіркелген» деген сөздерден кейін «Кеден одағына мүше мемлекеттердің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде және (немесе) консулдық мекемелерінде Кеден одағы кедендік аумағынан тыс орналасқан шетелдегі, халықаралық мемлекетаралық және (немесе) үкіметаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін көлік құралдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      25-тармақтағы «(мұра мүлкі деп танылған)» деген сөздер алып тасталсын;
      14.3. қосымша мынадай мазмұндағы жоларалық ескертпемен толықтырылсын:
      «** Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен осы қосымшаның 91-тармағына сәйкес оларға қатысты кедендік төлемдерді төлеуден босату ұсынылатын уақытша жұмыс істейтін тұлғалардың және (немесе) олар әкелетін тауарлардың санаттары шектелуі мүмкін.».
      15. Келісімге 5-қосымшада:
      15.1. І бөлімде:
      1-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      3-тармақта «5 литрге дейінгі» деген сөздер «5 литрді қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15.2. ІІ бөлімде:
      7-тармақ «бөлінбейтін тауарлар» деген сөздердің алдынан «жеке пайдалануға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 71 және 72–тармақтармен толықтырылсын:

      «

71

КО СЭҚ ТН-ның 2207 және 2208 90 тауар позицияларының этил спирті

Саны 5 литрді қоса алғанға дейін

1 литр үшін бірыңғай ставка бойынша 22 еуро

72

Алкоголь сусындар және сыра

Саны 5 литрді қоса алғанға дейін

1 литр үшін бірыңғай ставка бойынша 10 еуро

                                                                   »;

      15.3. ІІІ бөлімде:
      8-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «күнтізбелік ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ «Бөлінбейтін тауарлар» деген сөздердің алдынан «жеке пайдалануға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
      15.4. ІV бөлімде:
      10-тармақтағы «Квадроциклдер, қарда жүргіштер, 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін жалпыға бірдей пайдалану жолдары бойынша қозғалысқа арналмаған өзге де жеңіл көлік құралдары» деген сөздер «Әкелінетін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін квадроциклдер, қарда жүретін техникалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта «осы қосымшаның IV бөлімінің 10 және 12-тармақтарында белгіленген бірыңғай ставкалар бойынша» деген сөздер «осы бөлімнің 10-тармағында белгіленген кедендік төлем жиынтығы түрінде немесе осы бөлімнің 12-тармағында белгіленген бірыңғай ставка бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ «әкелген» деген сөзден кейін «, не алып жүрілмейтін багажда немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде әкелінетін» деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады