Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 739 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

«Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие
нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан
алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №739 қаулысына баспасөз
релизі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 739  қаулысымен(бұдан әрі - қаулы) Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
      Қағидалар нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау тәртібін айқындайды.
      Тізілімді қалыптастырудың және жүргізудің мақсаты шектеудің алдын алу және монополист қызметгің жолын кесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау
      агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз