2012 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Сарыбұлақ – Зимұнай" газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 757 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 2012 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 1 тамыздағы
№ 757 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

2012 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ –
Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық
туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
      2012 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) шеңберінде табиғи және сұйытылған табиғи газды жеткізу саласындағы қатынастарды дамыту мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 7-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттілігінен тыс газ көлемінің экспортталуы, бұл ретте Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Зимұнай қаласындағы газды қайта өңдеу жөніндегі зауытта өндірілген сұйытылған табиғи газды өткізу технологиялық мұқтаждыққа пайдаланылған газдың көлемдерін және Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында табиғи газ түрінде тұтынылған көлемдерін шегере отырып, Сарыбұлақ кен орнында өндірілетін газдың кемінде 50 %-ы көлемінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында басымдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына 50 % мөлшерінде жеткізілуге міндетті сұйытылған табиғи газдың үлесін Қытай тарапы немесе оны тиісті түрде ұсынатын уәкілетті адам, сондай-ақ Тараптардың келісуі бойынша Қазақстан Республикасында орналасқан басқа да газды қайта өңдеу жөніндегі зауыттардан тиісті көлемде сұйытылған табиғи газды жеткізу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілуге міндетті сұйытылған табиғи газдың көлемі осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбыры арқылы жеткізілетін табиғи газдың көлеміне қарай және газ өлшеу станциясының деректері арқылы есептелетін болады және ұлттық оператор мен қытай ұйымы арасындағы салыстыру актісіне қол қою жолымен ай сайын расталатын болады;»;
      2) 8-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қытай тарапы Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Зимұнай қаласындағы газды қайта өңдеу жөніндегі жаңа зауытта шығарылатын сұйытылған газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін Қытайдың ішкі бағасы бойынша жеткізуді қамтамасыз етуге келіседі.».

2-бап

      Тараптардың мемлекеттік құзыретті органдары арасындағы келіссөздерде жою мүмкін болмайтын осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға қатысты кез келген келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап және Келісімнің күшіне енуінен ерте емес күшіне енеді.
      201__ жылғы «___» _______ _______ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

Қазақстан
Республикасының
Үкіметі үшін

Қытай Халық
Республикасының
Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады