"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 777 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.10.2019 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 21-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінде:

      3-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген бағдарламалар, кіші бағдарламалар бөлінісінде ұсынылады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыстың жобасын мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.";

      5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды айқындау мақсатында тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілердің, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және уәкілетті ұйымның мекенжайына қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу ниеті туралы сұрау салуды жолдайды. Мұндай сұрау салу мынадай мәліметтерді:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын және тактикалық-техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшелікті);

      2) тауарлар (өнімдер) санын, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемдерін;

      3) тауарларды (өнімді) жеткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орнын және талап етілетін мерзімдерді;

      4) жеткізілетін тауарларға (өнімге), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге кепілдеме мерзімін;

      5) құны тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына қосылуға тиіс ілеспе қызметтер тізбесін;

      6) төлем шартын, оның ішінде аванстық төлем мөлшерін;

      7) әлеуетті орындаушылардың сұрау салуға жауап беру мерзімін;

      8) әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде тәжірибелік үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талапты;

      9) бағалық (коммерциялық) ұсыныстарды қамтиды.

      Әлеуетті орындаушылардың жауап беру мерзімі тапсырыс берушінің сұрау салуы келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.

      6. Отандық тауар өндірушілер, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушыларды таңдауды тапсырыс беруші мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:

      1) әлеуетті орындаушылар ұсынатын қорғаныстық тапсырыс өнімі техникалық сипаттамалары мемлекеттік тапсырыс беруші сұрау салуының талаптарына сәйкес келеді;

      2) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті, тапсырыс беруші айқындаған көлемде қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензияның, өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтардың және білікті мамандардың болуы;

      3) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті, тапсырыс беруші айқындаған көлемде қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару саласында мамандандырылған орындаушылар үшін өндірістік (қоймалық) үй-жайлардың және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың болуы.

      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында мамандандырылған орындаушыларда арнайы экономикалық аймақта орналасқан өндірістік (қоймалық) үй-жайлардың және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың болуы да міндетті емес.

      Егер екі және одан да астам әлеуетті орындаушыларда берілген ұсыныстар тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, ең төмен баға ұсынғандар орындаушылар болып айқындалады.

      Әлеуетті орындаушылар тапсырыс берушінің сұрау салуында көрсетілгеннен жақсы тактикалық-техникалық (техникалық) сипаттамалары бар қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынуы мүмкін.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобаларды орындайтын, өндірістік қуатты жаңғыртуды және жарақтандыруды, жаңа өндірістерді, цехтарды салуды, мамандарды оқытуды жүзеге асыратын, технологиялар трансферті жөніндегі офсеттік саясатты қолданатын және шетелдік өндірушілермен өндірістің жаңа бағыттарын, перспективалы тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) көрсетілетін қызметтерді игеруді болжайтын кооперацияларды құратын отандық тауар өндірушілер, халықаралық шарттарда көзделген қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу бойынша жұмыстарды, әскери және қосарланған мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қорғаныстық тапсырысты басым тәртіппен орындаушылар болып танылады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Отандық тауар өндірушілер және тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушыларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті ұйым орындаушы болып танылады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушылар тапсырыс берушіге қорғаныстық тапсырыс өніміне шығындардың негіздемесін ұсынады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады