Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 және "Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 778 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Аумақтық даму» деген 2-бөлімде:
      «Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру» деген 2.2-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

36

Қазақстан Республикасының аумақтарын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу

ӨДМ бұйрығы

ӨДМ

2013 жылғы желтоқсан

2 800 530

                                                                   »;

      ескертпеде, аббревиатуралардың толық жазылуында «БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі»;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасында:
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобалау кезеңі аяқталған соң осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін уәкілетті орган Бас схеманың негізгі ережелерін қалыптастырады.»;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Уәкілетті орган Бас схеманың жобасын мемлекеттік кешенді қала кұрылысы сараптамасына міндетті түрде жолдайды.
      13. Сараптама өткізілгеннен кейін уәкілетті орган Бас схеманың жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге жолдайды. Бас схема жобасын немесе оның жекелеген бөлімдерін мемлекеттік органдарда қарау және келісу Бас схеманың жобасы келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады