Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 343 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2013 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлуде:
«Ірі қара малдың еті, мұздатылған (КО СЭҚ ТН 0202 коды)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанындағы «724,0» деген сандар «0,724» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов