Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды және олар бойынша жүру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 843 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 843 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу
пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға
қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан|
халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің
қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды және олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу
пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға
қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары

      2. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелері (бұдан әрі — теміржол және автомобиль жолдарының учаскелері) көліктің қозғалыс бағыты бойынша ақпараттық қалқандармен, белгілермен белгіленеді, оларда жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп ету туралы немесе ақпараттық қалқанның орналасу орнынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі арақашықтық туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген осы учаскелердегі шектеулер туралы ақпарат орналастырылады. Ақпарат мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде және қажет болған жағдайда көршілес мемлекеттің ресми тілінде орналастырылады.

      3. Теміржол және автомобиль жолдарының учаскелерін жабдықтауды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының автомобильдік жолдар және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Теміржол және автомобиль жолдары учаскелерін жабдықтау жөніндегі, оның ішінде тиісті белгілер мен қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісіледі.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейін теміржол және автомобиль жолдарының учаскелерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы барысында жүрудің мынадайтәртібі белгіленеді:

      1) қозғалыс тек белгіленген маршрут бойынша ғана жүзеге асырылады;

      2) адамдарды түсіру (отырғызу), жүктерді және тауарларды түсіру (тиеу) мақсатында тоқтауға, өткізу пункттеріне кіру кезінде кептелістерді туғызуға рұқсат етілмейді;

      3) теміржол құрамдарының, оның ішінде жеке жүретін тепловоздардың (локомотивтердің) тоқтауы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарсы келе жатқан құрамдарды өткізу үшін ғана жүзеге асырылады;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді мақсат етпеген жолаушыларды түсіру және отырғызу мақсатында жолаушылар пойыздарының, жергілікті (қала маңы) пойыздардың, осындай учаскелерде орналасқан станцияларда (разъездерде) тоқтауына мұндай көлік құралдарын шекаралық нарядтар алып жүрген жағдайда рұқсат беріледі.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан
халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің
қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар

      5. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығынан он метрден жақын емес жерде орналасады және оның бейнебақылау, сигнализация жүйелерімен, жарықтандыру құрылғыларымен, сондай-ақ шекара нарядтарының жүріп-тұруы үшін өтетін жерлермен жабдықталатын қоршаулары болуы тиіс.

      6. Қоршау периметрінің ішкі жағынан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қауіпсіздік бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігіне қызмет көрсетуі және күзетуі үшін жол жабдықталады.

      7. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігі шектес мемлекеттің халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының бөлігімен адамдардың, көлік құралдарыныңжәне жүктердің орын ауыстыруы үшін арнайы өткелмен қосылады.

      Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде шектес мемлекеттердің бөліктері арасында уақытша бақылауды енгізу немесе қатынасты тоқтату үшін арнайы өткелдің қажетті инфрақұрылымы (құрылысы) болуы тиіс. Көрсетілген инфрақұрылымды (құрылыстарды) пайдалану тәртібі халықаралық келісімдермен белгіленеді.

      8. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қазақстандық бөлігінің аумағына кіру-шығу орындарында шекаралық, кедендік және бақылаудың басқа да түрлерін өткізу үшін қажетті инфрақұрылымы бар пункттер (дәліздер) құрылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады