Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылғы 27 тамыздағы № 848 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (бұдан әрі - қаулы) қабылдады.
      Бұл қаулы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі №111-р өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдау қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілері тізбесінің 21- тармағын орындауға сәйкес әзірленген.
      Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
      Жобаны іске асыру республикалық қордан қаржылық шығындарды қажет етпейді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз