"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 850 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498
қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 850 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бірқатар өзгерістер енгізілді.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Агенттіктің Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджет параметрлерінің өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.
      Енгізілген түзетулердің негізгі себебі - бюджеттік бағдарламалар, сандық көрсеткіштер бөлінісінде бюджеттік шығыстар сомасын сәйкестікке келтіру және редакциялық түзетулер.
      Қаулы «2013 - 2015 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 110-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін қабылданды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз