Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 936 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Реепубликасмның
Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан
Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі және Қазақстан
Республикасындағы Қытай Халық Республикасы азаматтарының
уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 936
Үкіметініц қаулысынабаспасөз хабарламасы

      Қазакстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі туралы келісім (бұдан әрі Келісім) еңбек қызметі саласында екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін дамытуға және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының екі ел аумағында уақытша жұмыс істеп жатқан азаматтарын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді.
      Келісім негіздемелік болып табылады және Тараптардың еңбек көші-қонының процесстерін реттеу және көшіп-қонушы еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастығына бағытталған.
      Келісім:
      Тараптардың бірінің аумағында болған уақытта көшіп-қонушы еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарының сақталу;
      көшіп-қонушы еңбекшілерге медициналық көмек көрсету;
      ақшалай қаражат аудару, сондай-ақ жеке мүлкін әкелу және әкету;
      көшіп-қонушы еңбекшілердің табысына салық салу мәселелерін реттейді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз