"Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 942 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанында:
      2-бөлімнің 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ұлттық стандарттарда, техникалық регламенттерде, техникалық шарттарда және нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген сақтау шарттарын орындауға;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Иеленушiнiң талабы бойынша Иеленушiнiң астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өтiнiмде көрсетiлген астықтың көлемiн босатуды (тиеп жiберудi) бастауға және оны «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жiберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекiтілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына сәйкес жүргiзiледi;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты жөндеу жүргiзуді тоқтатуға дейiн кемінде 45 күн бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекiтілген Астықты сақтау қағидаларында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс жөндеу жүргiзу мерзiмдерiн көрсете отырып, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жiберудiң) мүмкiн еместігі туралы Иеленушiнi хабардар етуге;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекiтілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына сәйкес астықты осы шартқа 1-қосымшада белгiленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдықтарын қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.»;
      4-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекiтілген Астықты сақтау  қағидаларында айқындалған сақтау мерзiмдерiнен аспайтын, Иеленушiнiң талап етуiмен белгiленген мерзiмге жасалды және өзiнiң қолданысын Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда тоқтатады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады