БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 955 қаулысын қабылдады.
Қағидалар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 15 - тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртібін айқындайды.
Қағидалардың қабылдануы әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі