Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 18 сәуірде Хельсинки қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 980 қаулысымен
бекітілген
(2013 жылғы 22 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., № 6, 61-құжат)
№ 13-1/3605
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Финляндия Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 13-1/2082 нотасына толықтыру ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы мынадай мазмұндағы келісім жасасуды ұсынуды өзіне мәртебе санайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі бұдан әрі Тараптар деп аталады.
1. Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күнінен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, транзитпен өту, болу және кету үшін визалық талаптардан босатылады.
Финляндия Республикасының
Сыртқы Істер Министрлігі
Хельсинки қаласы
2. Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық паспорттары бар, екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің немесе халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктердің қызметкерлері болып табылатын азаматтары және олармен бірге тұратын, жарамды дипломатиялық паспорттары бар отбасы мүшелері аккредиттеудің бүкіл мерзіміне екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, транзитпен өту, болу және кету үшін визалық талаптардан босатылады.
3. 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне залал тигізбей, бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық паспорттары бар азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта осы Тарап мемлекетінің қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндетті.
4. Тараптар осы Келісім күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломатиялық паспорттардың үлгілерімен алмасады.
Дипломатиялық паспорттар өзгерген жағдайда, Тараптар оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жаңа дипломатиялық паспорттардың үлгілерін жолдайды.
5. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қабылдаушы мемлекеттің аумағында болуы қолайсыз деп танылған азаматтың келуінен бас тарту, болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату, сондай-ақ осы Келісімнің қолданысын ішінара немесе толық уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
Екінші Тарап осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім күшіне енгенге дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын осындай шешім туралы, сондай-ақ осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жою туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етіледі.
Мұндай тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүрген, жарамды дипломатиялық паспорттары бар азаматтардың құқықтық жағдайына ықпал етпейді.
6. Тараптарының өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар қосымша хаттамалармен ресімделеді және оның ажырамас бөліктері болып табылады.
7. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
8. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
9. Финляндия Республикасының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, осы нота және Финляндия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайды, ол Финляндия Республикасының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын алған күннен кейін келесі күні күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Финляндия Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор құрмет сезімін білдіретіндігін тағы да растайды.
Астана, 2013 жылғы 12 сәуір
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.