"Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 996 қаулысы

«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау,
тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен 2013 жылғы 24 қыркүйегінде № 996, 2013 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің № 108-ө өкімінің 15 тармағына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қол қойылған.
      Аталған Үкімет қаулысымен біржолғы тұрғын үй төлемдеріне қатысты келесі өзгерістер көзделген:
      1. Жобамен 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін әскери қызметінің және АМО қызметінің өтілі 10 жыл және одан аса өтілі бар АМО қызметкерлеріне біржолғы тұрғын-үй төлемі қарастырылады, алайда, аталған төлемдер әрекет етуші Қаулы нормаларына сәйкес, тек әскери қызметі 10 жыл және одан аса өтілі бар қызметкерлерге ғана жүргізіледі;
      2. Жобамен АМО қызметкерлеріне біржолғы тұрғын-үй төлемдерін (оны тұрғын-үйге мұқтаж деп тану туралы) алғашқы жазбаша үндеуін (баянатын) берген күннен бастап төлеу қарастырылады, алайда, аталған төлемдер әрекет етуші заңнаманың нормаларына сәйкес қызметкерлерді тұрғын-үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы жазбаша үндеуін (баянатын) берген күннен бастап соңғы қызмет еткен жері бойынша төлеу жүргізіледі;
      3. Жобамен АМО қызметі кезеңінде алған сырқаты бойынша босатылған АМО қызметкерлеріне тұрғын-үй төлемдері 20 жылдық қызметіне біржолғы төлем түрінде (босату кезінде фактілік аударылған соммаларды алып тастағандағы) төлеу қарастырылады, ал әрекет етуші Қаулы нормаларына сәйкес аталған төлемдер оларға мерзім ішінде (яғни ай сайын), 20 жыл өтіліне тең жүргізіледі;
      4. Сонымен қатар Жобамен бірқатар нормалардың нақтылану (редакцияның нақтылануы) сипатын енгізу қарастырылады.
      Көрсетілген Үкіметтің қаулысын қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз