2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Верх-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) жалпы алаңы 43,0 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қорының жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің су-электр станциясын жобалау және салу үшін «Есо Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 998 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын
орман коры жерлерінің экспликациясы
Р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||||||
орманды жерлер |
алаңдар |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
селдір ормандар |
тік баурайлар |
ұсақ тау жыныстары |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1. |
Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Верх-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
43,0 |
22,88 |
- |
- |
- |
- |
16,52 |
1,8 |
1,8 |
ЖИЫНЫ: |
43,0 |
22,88 |
- |
- |
- |
- |
16,52 |
1,8 |
1,8 |