"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1018 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 г., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар, № 16, 83-құжат); 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамдарды сатуға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      20-1-тараудың тақырыбында:
      «20-1-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
      мынадай мазмұндағы 311-2, 311-3-баптармен толықтырылсын:
      «311-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы бұзу
      1. Сабақтар мен жарыстар өткізетін орындарды спорттық керек-жарақтармен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтамау, -
      заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттардың нысаналы және функционалдық мақсатын соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимарат құрмай жою, өзгерту, -
      лауазымды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.;
      311-3-бап. Спорттық медицина саласындағы заңнаманы бұзу
      1. Қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі спорттық іс-шаралардың талаптарын орындамау, -
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар
      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 311-2, 311-3, 357-2-баптарында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 311-2, 311-3, 357-2-баптарында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат); 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      53-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
      қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
      республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;
      мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуды қолдау;
      жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлануы және оған қатысуы;
      мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
      халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;
      республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;
      мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
      телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын спутниктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;»;
      54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
      жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
      республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалар мүшелерінің даярлануы және қатысуы;
      облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
      мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
      жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
      жергілікті маңызы бар мұрағат қоры объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;
      жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
      облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;»;
      55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
      жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
      жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
      республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командалары мүшелерінің даярлануы және қатысуы;
      мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
      жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
      жергілікті маңызы бар мұрағат қоры объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;
      жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;»;
      56-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      6) мәдениет және спорт:
      жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;
      хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
      аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстар өткізу;
      облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің даярлануы және қатысуы;
      мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
      жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
      аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;».
      3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат); 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      1) 2-тарау мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның спорттық медицина ұйымдарын басқару бойынша құзыреті
      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган:
      1) спорттық медицина саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      3) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) спорттық медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
      5) уәкілетті органға шектеу іс-шараларын, соның ішінде спорттық медицина ұйымдарының аумағында карантин енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
      6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға даярлығын медициналық қамтамасыз етуге қатысады;
      7) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
      8) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды.
      2. Уәкілетті органмен келісім бойынша:
      1) спорттық іс-шараларды өткізу және дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезінде, сондай-ақ спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруынан және жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары уақытында медициналық көмек көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
      3) спорттық медицина ұйымдарында үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді әзірлейді және бекітеді.»;
      2) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
      «138-1-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету
      1. Спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылар қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларды жіберуге құқылы емес.
      3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары спортшыларының тұрғылықты жері бойынша спорттық медицина ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер немесе арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде көрсетіледі.»;
      2) 159-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық құрылыстардың ғимараттарында және аумақтарында;».
      4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 77, 97-құжаттар; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж. № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат); 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшыларға көтермелеу түрінде тұрғын үйлерді олардың меншігіне беру ерекшеліктері «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88- құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115- құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 ж. № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 50, 51-құжаттар; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат); 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29), 30) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29) азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      «30) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.»;
      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      «27) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.»;
      2) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады