Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1057 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 қазандағы
№ 1057 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет
түрлерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (бұдан әрі – өткізу пункттері) жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлері:
      1) жергілікті атқарушы органдардың өткізу пункттерінде мемлекеттік мүлікті басқару бойынша қызметі;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет пункттерінің қызметі;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ олардың инженерлік желілерін салу, реконструкциялау, техникалық жабдықтау, оның ішінде құрылыс учаскесін дайындау, инженерлік жабдықтарды монтаждау және әрлеу жұмыстарын жүргізу;
      4) ғимараттар мен құрылыстарды, байланыс құралдарын, машиналар мен тетіктерді, техникалық бақылау құралдарын, инженерлік құрылыстар (желілер) мен коммуникацияларды, сондай-ақ жабдықтарды (автокөлік құралдарына арналған дезинфекциялық-жуу блоктарын, фумигация камераларын қоса алғанда), оның ішінде тәркіленген заттарды, сепарацияларды, ұсақ жануарлардың өлекселерін, жолаушылар тасымалдайтын немесе көлік құралдарында анықталған тамақ және тұрмыстық қалдықтарды термиялық жоюға арналған пештерді пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету, күрделі және ағымдағы жөндеу;
      5) ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу;
      6) қазандықтардың, жылу және электр желілерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету;
      7) автомобиль жолдарының учаскелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
      8) аумақты және қызметтік үй-жайларды жинау, қарды, өндірістік қалдықтарды және тұтыну қалдықтарын шығару;
      9) төлемдерін қоса алғанда, байланыс және телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну бойынша қызмет;
      10) айырбастау операцияларын, кедендік және өзге де төлемдерді жүзеге асыруға байланысты банктік қызметтерді ұсыну бойынша қызмет;
      11) медициналық-санитариялық көмек;
      12) ана мен бала бөлмесінде қызмет көрсету бойынша қызмет;
      13) қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет;
      14) бажсыз сауда дүкендерінің үй-жайларында тауарларды бөлшектеп сату;
      15) кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдау, тиеу, қайта тиеу (ауыстырып тиеу), сақтау, осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарына тұрақ ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      16) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін заңды және жеке тұлғаларға кеден өкілдерінің қызмет көрсетуі;
      17) уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау бойынша қызмет;
      18) көлікті ветеринариялық-санитариялық өңдеуге арналған дезинфекциялық-жуу блогын және жолаушылардың аяқ киімдеріне арналған дезинфекциялық кілемшелерді пайдалануға беруге және техникалық қызмет көрсетуге байланысты қызмет;
      19) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге байланысты қызмет;
      20) геодезиялық өлшемдерді жүргізу бойынша қызмет;
      21) көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет (шекараны кесіп өту жаяу жүзеге асырылатын өткізу пункттерін қоспағанда).
      2. Автомобильдік өткізу пункттерінде мынадай қызмет түрлері қосымша жүзеге асырылады:
      1) автомобиль (автобус) көлігі, сонымен қатар халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдау қызметі;
      2) автокөлік құралдарын авариялық эвакуациялау бойынша қызмет.
      3. Теміржол өткізу пункттерінде мынадай қызмет түрлері қосымша жүзеге асырылады:
      1) теміржол көлігінің объектілерін салу, реконструкциялау, күтіп-ұстау;
      2) теміржол көлігінің қызметі, оның ішінде:
      пойыздарды қабылдау, жіберу, маневрлік жұмыстарды орындау бойынша қызметті қоса алғанда, теміржол станцияларында жүзеге асырылатын қызмет;
      теміржол станциялары мен теміржол жолдарын пайдалану бойынша қызмет;
      жолаушыларды, жүктерді, багажды немесе жүк багаждарын тасымалдауды жүзеге асыру;
      теміржол көлігімен тасымалдау кезінде қосымша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау;
      жүктерді күзету бойынша қызмет;
      3) теміржол жылжымалы құрамын авариялық жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету.
      4. Авиациялық өткізу пункттерінде мынадай қызмет түрлері қосымша жүзеге асырылады:
      1) бірыңғай әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің объектілерін, сондай-ақ аэродромдардың ұшу-қону жолақтарын, көліктік-инженерлік құрылыстарды және әуежайлар объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
      2) әуежай қызметі;
      3) авиациялық қауіпсіздікті және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету бойынша қызмет;
      4) әуежайлардағы және әуежай ауданындағы авариялық-құтқару жұмыстарына байланысты қызмет.
      5. Теңіз (өзен) өткізу пункттерінде мынадай қызмет түрлері қосымша жүзеге асырылады:
      1) теңіз порттарын салу немесе кеңейту, порттық құрылыстарды салу, реконструкциялау, түбін тереңдету, жағаны бекіту, су асты (суға сүңгуді қоса алғанда) жұмыстарын жүргізу;
      2) порттық құрылыстарды пайдалану бойынша қызмет;
      3) кемелерге қызмет көрсету бойынша қызмет (оның ішінде балық кәсіпшілігі флоты кемелеріне кешенді қызмет көрсету бойынша);
      4) кемелерге қызмет көрсету бойынша суға сүңгу жұмыстары;
      5) порттағы тұрақ кезінде кемелерге қызмет көрсету бойынша қызмет (агенттік, жабдықтаушы, бункерлеу);
      6) жолаушыларға қызмет көрсету бойынша қызмет;
      7) жүктермен операцияларды (тиеу, түсіру, қабылдау, өңдеу, технологиялық сақтау және жүкті беру) жүзеге асыру;
      8) кемелерді лоцмандық өткізу, теңіз кемелерінің қозғалысын басқару жағалық қызметтерінің кемелерді өткізуі, кемелерді сүйреу, кемелерді мұз жарып өткізу, кемелерді айлақтарға қою, арқандап байлау, навигациялық қызмет көрсету, құтқару;
      9) құбыржолдар арқылы тасымалдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады