"1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгepic енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1072 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы

      2007 жылғы 7 тамызда Астанада жасалған 1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1997 жылғы 31 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,
      1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізуге уағдаласты:

      1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6.«орталық органдар» - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шешімді қабылдайтын мемлекеттік органдар».

      Осы Хаттама Шарттың 23-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      2007 жылдың 7 тамызда Астана қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттың мәтінін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасы үшін             Әзірбайжан Республикасы үшін      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады