Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат; 2010 ж., № 25-26, 189-құжат; 2012 ж., № 35, 466-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке:
1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |