2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген аудандар жерлерінің жалпы алаңы 76200,34 гектар жерлері бөлігін Шымкент қаласының шегіне енгізу жолымен «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төле би аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/103-V шешіміне және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 85 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1110 қаулысына
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Сайрам және Төле би
аудандары жерлерінің, Шымкент қаласы шегіне қосылатын бөлігінің
экспликациясы
Р/с |
Аудандар атауы |
Шымкент қаласы шегіне қосылатын жерлер ауданы (га) |
1. |
Ордабасы |
7068,0 |
2. |
Сайрам |
55461,13 |
3. |
Төле би |
13671,21 |
Барлық жерлер: |
76200,34 |