"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Жақсалиев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы     жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы            Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Сәрінжіпов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы               ғылым министрі

Бишімбаев                  - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қуандық Уәлиханұлы           акционерлік қоғамы басқармасының
                             төрағасы (келісім бойынша)

      мына:

«Төлеушин                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қаныш Аманбайұлы             жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Төлеушин                  - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қаныш Аманбайұлы             акционерлік қоғамының басқарушы
                             директоры – басқарма мүшесі (келісім
                             бойынша)».

      көрсетілген құрамнан Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады