"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1144 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 435 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.06.2015 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 578-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1144 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 720 қаулысымен   
бекiтiлген      

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Заң) 16-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру
тәртiбi

      2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкiндiгi қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайларға рұқсат етiледi.
      3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсат алу үшiн жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) ерiктi нысандағы өтiнiмдi жібереді, онда заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекенжайы, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерi көрсетiледi.
      4. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiмін аумақтық бөлiмшелер оны тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Жеке немесе заңды тұлға мәлiмдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар болмаған (маңыздылығының аздығы) жағдайда, аумақтық бөлiмше мәлiмделген алаңда құрылыс салуға рұқсат беретiн құжат болып табылатын, жатқан пайдалы қазбалардың жоқ екенi (маңыздылығының аздығы) туралы қорытынды бередi. Бұл ретте көрсетілген құжатты өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу талап етілмейді.
      Аумақтық бөлiмше оған заңды немесе жеке тұлға берген пайдалы қазбалардың жоқ екенi (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыларды есепке алуды және тiркеудi жүргiзедi.
      Жеке немесе заңды тұлға мәлiмдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар бар болған жағдайда, аумақтық бөлiмше 2 (екi) жұмыс күнi ішінде уәкiлеттi органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін өтінімді қоса бере отырып, алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы қорытындыны және жеке немесе заңды тұлғаға жазбаша хабарламаны жібереді.
      5. Уәкiлеттi орган осындай қорытынды келіп түскеннен кейін 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органға көрсетілген қорытындының көшiрмелерiн және заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiмдерiн пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсат беру туралы мәселенi қарау үшiн жібереді.
      6. Өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган уәкiлеттi органнан аумақтық бөлiмше қорытындысының көшiрмелерi мен заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiмдерi келiп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде аталған құжаттарды қарайды және уәкiлеттi органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды жiбередi.
      7. Уәкiлеттi орган өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты келiп түскен сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде заңды немесе жеке тұлғаға уәкiлеттi органның және өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға арналған рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды бередi.
      8. Егер құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкiн болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе, пайдалы қазбалар жатқан алаңда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын және өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатын беруден бас тартылады.
      9. Уәкiлеттi орган өзiне заңды немесе жеке тұлғалар берген пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, олар жатқан жерлерде жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсаттарды, сондай-ақ өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттарды есепке алуды және тiркеудi жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады